«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ережені елемейтіндерге сабақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда темір тұлпар тізгіндеген жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында жол қауіпсіздігін сақтау акциясы өтті.

Облыс орталығында өткен акция барысында көпшілік назарына жол-көлік апатына ұшыраған машиналар ұсынылды. Бұл көліктерден жан түршігеді. Жол қозғалысы мен қауіпсіздігін сақтамаудың салдарынан көлік қана емес, адам шығыны да болуы ықтимал. Өйткені жол қателікті кешірмейді. Сондықтан осы акция барысында жүргізушілерге жолда абай болып, жылдамдықты асырмау қажеттілігі ескертілді. Акцияның басты ұйымдастырушысы – “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ облыстық филиалының директоры Талғат Смағұловтың айтуынша, апатқа ұшыраған көліктерді жұртшылық назарына ұсынудағы басты мақсат – жол-көлік оқиғаларының санын азайту. Адамдарға ой салу арқылы олардан сақтық шараларын ұстануды талап ету. Іс-шараны өткізу барысында ұйымдастырушылар жол полициясы бекетінде көліктерді тоқтатып, темір тұлпар тізгіндегендерге қауіпсіздік жайлы жадынамалар таратты.

– Үстіміздегі жылдың алты айының қорытындысы бойынша облыста 176 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 16 адам қаза тауып, 244 адам жарақат алды. Сондықтан көлік жүргізушілерден жылдамдықты шамадан тыс асырмауды сұраймыз. Қауіпсіздік сақталмаса, өздерінің және өзгелердің өміріне қауіп төндіретінін ұмытпаулары керек, – деді облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Азамат Жамұқов.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp