«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мектепте медицина маманы жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа оқу жылы қарсаңында “AMANAT” партиясы облыстық филиалының жұмыс тобы Жұмысшы кентіндегі №44-ші мектеп асханасына мониторинг жүргізді.

Жұмыс тобының өкілдері мектеп асханасына мониторинг жүргізу барысында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырумен танысты. Бүгінде аталмыш білім ордасында 530 оқушы бар. Мектеп асханасы 80 орынға арналған. Бастауышта 204 бала оқиды. Барлығы тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Ал он жеті бала жалпыға бірдей білім беру қорынан тамақтанады.

Кәсіпкер мен білім ордасы басшылығы арасында 2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты жасалған. Жеке кәсіпкер 2,7 миллион теңгеге асхананы жөндеп, тиісті жабдықтар сатып алған. Ал оқу жылы басталғанша ас блогының қабырғалары дұрысталады. Мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан асхана жұмысына қатысты шағым тіркелмеген.

Мониторинг жүргізу барысында мектепте бейінді медицина маманының жоқтығы анықталды. Ас мәзірін әзірлеуге жауапты маман тағамның калькуляциясын, құрамын, нәрлілігін есептеуі тиіс. Бұл мәселе бақылауға алынып, алдағы уақытта партиялық бақылау комитетінің отырысында қарастырылатынын айтып өткен жөн.

Ілияс СӘБДЕНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp