«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сом білекті сарбаздар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған спорт мектебінде қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған турнир өтті. Жарысқа 100-ден астам спортшы қатысты.

Үш күнге ұласқан турнирге “Оңтүстік”, “Орталық”, “Батыс” және “Шығыс” өңірлік қолбасшылықтары, Ұлттық ұлан академиясы, 6654 және 5573 әскери бөлімдерінің сарбаздары қатысты. Осы жолғы сайыста спортшылар 7 салмақ дәрежесі бойынша мықтыны анықтады.

Алдымен жеңіл салмақтағы спортшылар сынға түсті. Биыл ерлерден бөлек, әйелдер де қатысты. Жігіттер қатарында 54 келіде өнер көрсеткен “Батыс” өңірлік қолбасшылығының 6655 әскери бөлімінің сарбазы Ізгілік Марданов алтыннан алқа тағынды.

– Жарыс жоғары деңгейде өтті. Мен барлық қарсыластарымды жеңіп, жеңіс тұғырына көтерілдім. Мұндай сайыстар әскерилерді шыңдайды. Алдағы уақытта да бұл сынға қатысуға ниеттімін, – дейді Ізгілік Марданов.

62 келіде “Батыс” өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант Жандос Үтеғұлов, 67 келіде “Батыс” өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің тағы бір әскери қызметшісі Руслан Қазыбай, 73 келіде “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Дархан Даулетов, 80 келіде 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Олжас Абдувалиев, 88 келіде дейінгі салмақта “Батыс” өңірлік қолбасшылығының 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Али Нәсіпқали бірінші орынды қанжығаларына байлады. Аса ауыр салмақта “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Эйнар Баталов чемпион атанды.

Ал әйелдер арасында аса жеңіл салмақта 5573 әскери бөлімінің қызметшісі Анель Стамбекова жеңімпаз болды.

– Мен 52 келі санатында өнер көрсеттім. Қарсыластарым осал емес еді. Дегенмен жеңіске жеттім, – дейді Анель Стамбекова.

62 келі салмақта “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Таңшолпан Әбдікәрім, 70 келіде “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Шолпан Әмір жеңіске жетті.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орын “Батыс” өңірлік қолбасшылығына бұйырса, екінші сатыға “Оңтүстік” қолбасшылығы командасы көтерілді. Үздік үштікті “Орталық” өңірлік қолбасшылығы түйіндеді.

Маржан ТАЛАПКЕР,

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының баспасөз қызметінің бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp