«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Астықты өлке тарихы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылғы 29 шілде күні құрылды. Атаулы күннің құрметіне орай облыстық архивте “Үлкен мүмкіндіктері бар өлке” деген атаумен көрме ұйымдастырылды.

Жалпы аграрлы өлке саналатын Солтүстік Қазақстан облысы республиканың 3,6 пайызын алып жатыр. Өңірде 13 аудан және 4 қала, 186 ауылдық округ бар. Көрмеде облыстың құрылуы, қуғын-сүргін жылдарындағы өмірі туралы кітаптар және басқа да сирек кездесетін құжаттар қойылды. Олардың әрқайсысы – облыс тарихынан сыр шертетін құнды құжаттар. Сонымен қатар облыстың құрылғанына 88 жыл толуына орай биыл арнайы жинақ кітап жарық көреді. Оған облыстың басшылары мен тарихи орындары, осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері жазылады.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікованың айтуынша, көрмеге қойылған 1936 жылғы газеттер мен құжаттардан сол кезеңдегі адамдардың тұрмыс-тіршілігін оқып білуге болады. Мұрағат сондай-ақ облыстың тарихынан хабар беретін құнды құжаттарды да шығарды. Оның ішінде қуғын-сүргін жылдарының құрбаны, жерлес ақын Мағжан Жұмабаевқа қатысты деректер де бар.

– Биыл Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 88 жыл толып жатса, мен де сол жасқа жеттім. Мен осы облыста дүниеге келдім, білім алдым. Қуғын-сүргін жылдарында көптеген жерлестеріміз зардап шекті. Олардың арасында менің әкем де бар. Облысымызда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған 5 ескерткіш қойылды. Қызылжар өңірі жыл сайын дамып, түрленіп келеді, – дейді облыстың құрметті азаматы Болат Сағындықов.

Облыстың тарихын, өткенін көрсететін көрме бір аптаға созылады. Оған өлкеміздің қалыптасуы туралы білгісі келетін кез келген адам бара алады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp