«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІБІ – КӨЛІК ЖӨНДЕУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кәсіпкер Фарит Муфтяхетди­новтің мақсаты – ауылда қалып, елді мекеннің дамуына үлес қосу. Іскер азамат – Жам­был ауданының тумасы, Прес­новкада туып-өскен. Аудан ор­талығында бизнес түрі баршы­лық, бірақ сұранысқа ие бағыт – көлік жөндеу орталығы аз екен. Осыны ескерген Фарит Муфтяхетдинов 3 жыл бұрын ашқан кә­сіпкерлік нысанын “Ауыл аманаты” бағдарламасының арқасында кеңейтіп алған. Бұл мақсатқа 8 млн. теңге жұмсаған.

– Көлік жөндейтін орталық­тың жанынан бейінді дүкен аш­тым. Онда темір тұлпардың түр-түріне арналған құрал-сайман сатылады. Алысқа барудың қа­жеті жоқ, сынған көлікке қажет жабдықты осы жерден табасыз. Бұл клиент үшін өте ыңғайлы. Әрі уақытын үнемдейді, әрі жұ­мыстың сапасына оң әсер ете­ді. Мұндай орталық ауданда жоқ. Жұмысшылардың барлы­ғы – темір тұлпардың қыр-сырын таныған азаматтар. Қа­жет құрал-сайманды негізінен шет мемлекеттерден тапсырыспен алдыртамыз. Өзімізден де келеді. Мемлекеттен алған қарызды бір жылдың ішінде қайтардым, – дейді кәсіпкер.

Мұнда көлікті жөндеуге, жуу­ға болады, майын да ауысты­рып береді. Нысанның кеңеюі­мен жұмысшы саны да артып­ты. Қазір білікті 8 маман еңбек етіп жатыр. Орталық ыңғайлы жерде орналасқан. Қызметте­ріне сұраныс мол.

Бұл жердің тұрақты тұтыну­шылары көп. Еламан Қазыбаев көлігіне қажет заттарды қала­дан емес, осы жерден алады екен. Сапалы, бағасы да көңілге қонымды.

– Бүгін көлігіме май алдым. Дүкеннің тұ­рақты тұтынушысымын. Түгел заттарды осы жерден аламын. Көлікке қажет заттардың барлығы бар. Бағасы да тиімді, – дейді ауыл тұрғыны.

Жалпы Жамбыл ауданында “Ауыл аманаты” жобасы аясында 11 адам өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Оның үшеуі – Прес­новка ауылының тұрғыны. Іскер азаматтар қаржыны көбінесе мал шаруашылығына бағыттаған.

Игілік РАХМЕТ.

Жамбыл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp