«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДАНДАҒЫ ІЛКІМДІ ІСТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Мамлют ауданында болып, кәсіпорындардың, жылқы фермасының жұмысымен танысып, шаруалар­мен кездесті. Сонымен қатар өңір басшысы Мамлютка қаласындағы қазандықты барып көрді. 2016 жылы салынған қазандыққа 3 әкімшілік нысан мен 2 көпқа­батты тұрғын үй қосылған.

Облыс әкімі “Agrimer Mam­lutka” ЖШС-ның жұмысымен де та­нысты. Серіктестік 1994 жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп келе­ді. Бидайды өңдеп, ұн үгу­мен айналысады. Қазіргі таң­да шаруашылық 150-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Одан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов республикалық Че­лябі – Новосібір тасжолын жөндеу жұмыстарымен та­нысты. Аталған жолды қалпына келтіруге 9,9 млрд. теңге қаражат бөлінген. “Казавтожол” АҚ об­лыстық филиалы директоры­ның міндетін атқарушы Талғат Смағұловтың айтуынша, бұл учаскеде Астана қаласының “КазСтройТехник” компания­сы жұмыс істеп жатыр. Жоба 2023-2024 жылдарға жоспарланған.

Дубровное ауылындағы әлеуметтік нысандар жаңар­тылуда. Мектеп пен фельдшерлік-акушерлік пунктке күр­делі жөндеу жүргізілуде. Мә­дени-демалыс орталығында да жөндеу басталып кетті.

Аудандағы үлгілі шаруа­шылықтардың бірі – “Белое-Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Щучье ауылында жұмысшыларына жаңа үйлер салып жатыр. Бұл мақсатқа 100 млн. теңге қаражат бөлін­ген.

Сонымен қатар серік­тес­тік басшысы бұрынғы мектеп ғима­ра­тын жөндеп, демалыс орталығын ашуды көздеп отыр. Жоба құны 80 млн.теңге. Орта­лықта демалыс орны, асхана, дүкен, кітапхана және спорт ны­саны болады деп жоспарлан­ған.

Облыс әкімі Белое ауылын­да орналасқан “Кулик” ЖШС-да да болды. Серіктестік 2001 жылы құрылған. Қазіргі таңда егіс­тік аумағы 9842 гектарды құ­райды. Сонымен қатар 676 бас ірі қара өсірумен айналысады.

Ал Бексейіт пен Бостандық ауылдарында биыл жаңа медициналық пункт ашылады. Но­вомихайловка мен Покровкада фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда. Мамлютка, Дубровное, Воскресеновка, Крас­нознаменное, Бексейіт және Михайловкаға су тарату желі­лері тартылып, Афонькино ауы­лында су қондырғысы салынуда.

Мәдениет үйінде өңір бас­шысы Мамлют ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Өзекті мәселелерді талқылап, ауданды дамыту міндеттерін белгіледі. Тұрғындар инф­рақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстарын ортаға салып, сұрақтарын қойды, облыс әкімі ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Мамлютка қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Аталған нысанның құрылысына 872,2 млн. теңге бөлінген. Ке­шенді келесі жылы тапсыру жоспарланған. Сондай-ақ аудан орталығында жиһаз ин­дустриясы үшін ДСП шығаратын зауыт іске қосылады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp