«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЗКІЛЕМДЕ — ҚҰТҚАРУШЫЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда қазақ күресінен “Бейбіт күннің батырлары” атты республикалық турнир өтті. Жарыс қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алуға арналды.

Биыл қазақ күресінен жарыс осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Оған еліміздің қалаларынан 14 команда қатысты. Бозкілемге бірнеше салмақ дәрежесі бойынша 100-ден астам спортшы шықты.

– Жарыстың ерекшелігі – турнирге құтқарушылардан бөлек, кәсіби түрде қазақ күресімен айналысып жүрген балуандар да қатысты. Турнирде 55 келіден бастап, “Түйе балуан” атағы үшін ауыр салмақтылар да бақ сынады, – дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің маманы Марина Самойленко.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иелеріне дипломдар мен медальдар табысталады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp