Өңіріміздегі этносаралық келісімді нығайту және саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өткізді.
Қатысушылар арасында тек дене жаттығулары мен көңілді старттар, ұлттық ойындар мен тимбилдинг қана емес, сондай-ақ психология және қаржылық сауаттылық бойынша шеберлік сағаттары өткізілді.
Спартакиада соңында облыстық ассамблея мүшелері мен белсенділері осы күндері Парижде ел намысын қорғайтын қазақстандық олимпиадаға қатысушыларды қолдайтын құттықтау бейнеролигін жазды.
Сәлімхан СӘБИТОВ,
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы журналистер клубының мүшесі.