Шал ақын ауданындағы “Аютас” балалар лагері биыл 5 маусым бойы жұмыс істейді. 750 балаға шақталған аудандағы жалғыз сауықтыру орнында бүгінге дейін 650 бала демалып үлгерді.
Қазір мұнда өңірдегі табиғи апатқа байланысты тасқыннан зардап шеккен аудандардың балалары демалып жатыр. Жалпы жыл сайын Уәлиханов пен Ақжар, Тимирязев аудандарының балалары демалуға келеді.
Әр ауысымда балаларды қызықтыратын түрлі бағдарламалар болады. Демалуға келген оқушыларға түрлі спорттық сайыстар өткіземіз, – дейді “Аютас” сауықтыру лагерінің директоры Зағипа Сәдуақасова.
“Аютас” лагеріндегі демалушылар үшін Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының белсенділері “Өнер фест – 2024” ұлттық өнер фестивалін өткізді. Белсенділік танытқан балаларға Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.