Жыл басынан бері облыс аумағында полиция департаменті құрамындағы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ТМД елдеріндегі әріптестеріне 24 қылмыскерді анықтап, ұстап берді. Мысалы, Омбы және Қорған облысының екі тұрғыны есірткі заттарының заңсыз айналымы, тағы екі тұрғыны шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздестірілген. Олардың барлығын біздің полицейлер ресейлік әріптестеріне табыс етті.
Ал ТМД елдерінің ішкі істер органдары облыс полициясына бір қылмыскерді ұстап берді, ол есірткімен байланысты қылмыс үшін іздеуде болған.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.