«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СТУДЕНТТІ БОПСАЛАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығының 20-23 жастағы төрт тұрғыны полиция қызметкерлерінің назарына іліккен. Олардың үшеуі бұрын сотталған. Жедел ақпаратқа сәйкес, бұл топ колледждердің бірінің 18 жастағы оқушысын қорқытып ақша алған. Ал жас жігіт өз өміріндегі болып жатқанның барлығын әлеуметтік желілерге салып жүрген. Нәтижесінде оның бұл әрекеті басқалардың көзіне түскен.

Жәбірленушіні жалдамалы пәтерге заңсыз жолмен қамап, ақша бопсалаған, психологиялық қысым мен күш қолданған. Жәбірленушіге мобильді қосымшалар арқылы қарыз алғызып, несиелер ресімдеуге мәжбүрлеген. Сондай-ақ жігіт өзінің соңғы үлгідегі “iPhone” маркалы ұялы телефонын 50 мың теңгеге сатып жіберіп, ақшаны бопсалаушыларға берген. Кезекті рет ақша алмақ болған жігіттер жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына келгенде, ол үйінде болмай шыққан. Жастар жалдамалы пәтерге кіріп, 70 мың теңге ақша мен гаджеттерді қуаттауға арналған аккумуляторды ұрлап кеткен. Бұдан бөлек, олар мас күйде тағы басқа да қылмыстар жасаған. Бұлар да сотта қаралды.

Петропавл қалалық сотының үкімімен ұсталғандардың үшеуі 8, 6, 4 жылға түрмеге қамалды, ал біреуі 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp