«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қатерлі ісікке қарсы екпе

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда жатыр мойны обы­ры – әйелдер арасындағы он­кологиялық аурулар статис­ти­ка­­сы бойынша сүт безі обы­рынан кейін екінші орында тұр. Қатерлі ісіктің алдын алу мақ­сатында биыл жасөспірім қыз­дарға адам папилломасы виру­сына қарсы екпе салынады.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау де­партаменті баспасөз қызметі­нің мәліметінше, адам папил­лома­сы вирусына қарсы екпе егу биыл қыркүйек айында бас­тала­ды. Негізінен 11 жастағы қыздар қамтылмақ. Олар екпе­ні ата-аналарының жазбаша келісімімен жаңа оқу жылы бас­талысымен тегін ала алады. Об­лыста барлығы 3800 қызды егу жоспарланған.

“Қазақстанда әйелдер онко­ло­гиясында сүт безі обыры бі­рінші орында тұрса, жатыр мой­ны обыры екінші орында келе­ді. Елімізде күн сайын осы қа­терлі ісіктің 5 жаңа жағдайы тір­келеді, аурудан күніне екі әйел көз жұмады. Сондықтан әлем он­ко­логтары қатерлі ісік тудыратын адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауды ұсынып отыр.

Адам папилломасы вирусы­нан туындаған аурулар жасырын басталып, созылмалы түр­де да­мып, қатерлі және қатерсіз ісік ту­ды­рады. Бұл адамның ауыз қуы­сы мен жыныс мүше­лерінің терісі мен шырышты қа­бығына әсер ете­тін өзара ұқсас вирустардың 200-ден астам түрі. Көп жағ­дай­да бұл инфек­ция­дан 2-3 жылдан кейін өздігі­нен тәуір болады және көбінесе адам байқамай­ды. Кейбір жағ­дайларда, адам папилломасы вирусының онкоген­дік түрлері ағзада қалып қойып, бұл әртүр­лі органдардың қатерлі ісігіне әкеледі. Ең алдымен, жатыр мойны обырын туды­ру қатері көп”, – дейді об­лыстық санитар­лық-эпидемиологиялық бақылау департамен­тінің басшысы Әсет Жұматаев.

Адам папилломасы вирусы­на қарсы екпе – қазақстандық әйелдерді жатыр мойны обыры­­нан ғана емес, басқа да онко­логиялық аурулардың дамуынан қорғаудың заманауи және ба­рынша тиімді тәсілі. Оның тиім­ділігі 95 пайызға жуық деп бағаланып отыр.

Екпе иыққа, стандартты 0,5 мл көлемде бұлшықетке салы­нады. Екпеге қарсы көрсе­тілім­дер болмаған жағдайда дә­рігердің қарауынан кейін 6 ай ара­лықпен екі рет егіледі.

Адам папилломасы вирусына қарсы екпе үшін Дүниежүзі­лік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған және тиімді­лігі мен қауіпсіздігі дәлел­денген “Мерк Шарп және Доум” (АҚШ) компаниясы шығарған 4 ва­лентті “Гардасил” вакцинасы қол­даны­лады. Маманның ай­туынша, зерт­теушілер 11 жыл­дан астам уақыт бойы екі валент­ті және төрт валентті ек­пе­лермен егілген адамдарды ба­қылай отырып, уақыт өте келе қорғаныс деңгейінің тө­мен­дейтіні туралы ешқан­дай дә­лел таппады. Сарапшы­лар­дың көбі екпе өмір бойы қор­ғауды қам­тамасыз ете отырып, бірнеше онжылдықтар бойы тиім­ді бо­лады деп санайды.

“Адам папилло­масы вирусы­на қарсы екпелер 15 жылдан астам уақыт бойы қол­данылып келеді және әлемнің 135 елін­де, соның ішінде Өзбек­стан, Қырғызстан, Түркіменстан­да жүр­гізіледі. АҚШ пен Австралия сияқты көптеген елдер оны жа­тыр мой­ны обырына қарсы ұлт­тық бағ­дарламаларына енгізді. Скри­нингтік бағдарламалар­мен бірге бұл елдердегі жатыр мойны обы­рының жиілігі мен өлімін айтар­лықтай азайтуға көмектесті”, – дейді Әсет Жұматаев.

Әзірге адам папилломасы вирусына қарсы препарат өңірге жеткізілген жоқ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp