«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫДЫРЫП ЖҮРІП, ҚАН ҚЫСЫМЫН ТЕКСЕРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында “Денсаулық” акциясы өтті. Бұл – емханаға баруға уақыт таппай жүрген жандар үшін өте тиімді шара. Ұйымдастырушылар маңызды шараны халық көп жүретін орындарда өткізді.

– Қордың бастамасымен үш күннен бері “Денсаулық” акциясын өткізіп жатырмыз. Бұл шараның мақсаты – халықты өз мәртебелерін тексеруге үйрету, адамдарға ақпарат беру, төлем жасауды түсіндіру, – дейді “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Қарлығаш Ілиясова.

Акцияға №1 емхана қызметкерлері арнайы шақырылған. Олар тұрғындардың шағымын тыңдап, медициналық көмек көрсетті. Қан қысымын, қан құрамындағы қанттың мөлшерін тексерді. Акцины ұйымдастырушылар оның өтетін жерлерін күн сайын ауыстырып отырды. Осылайша қала тұрғындарын көбірек қамту көзделді. Сонымен қатар акция барысында қордың жергілікті өкілдері келушілерге маңызды мәліметтер жазылған жадынамалар таратты.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp