«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТЕМАҚЫЛАРЫН АЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлер өтем­ақы ала бастады. Облысқа республикалық бюджеттен ал­ғаш­қы транш 23 шілдеде түсті. Бұл туралы шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мү­ліктік шығынның орнын толты­руды анықтау жөніндегі облыс­тық комиссияның мүшесі, об­лыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Ораза­лин мәлім етті.

Нақты мәлімет бойынша өңірде су тасқыны салдарынан 140 кәсіпкер зардап шекті. Бұл – өңірлік комиссияға келтіріл­ген шы­ғынның орнын толтыру­ға өті­ніш білдірген немесе өті­ніш білдіруге ниетті тұлғалар. Жұмыс басталған уақыттан бері 10 оты­рыс өткенін айту қажет.

– Бүгінде біз 2 миллиард теңгеден астам сомаға 99 өті­ніш­ті қарадық. Соның ішінде ша­ма­мен 900 миллион теңге шы­ғынды құрайтын 41 өтінішті ма­құлдадық. Құжаттардың толық бол­мауына байланысты немесе аг­ро­өнеркәсіптік кешеннен түс­кен өтініштерге байланысты қал­ған­дарын комиссия мақұлда­мады. Оның шешімін басқа ко­мис­сия қабылдайды. Біздің об­лы­сы­мыз 23 шілдеде кәсіпкер­лер та­ра­пынан түскен тоғыз өті­ніш бо­йын­ша өтемақы төлеуге 90 миллион теңге көлемінде бі­рін­ші транш­ты алды. Ақша зардап шек­кендердің есепшотына түс­ті, – де­ді өңірлік комиссия мү­шесі, об­лыстық кәсіпкерлер пала­та­сы­ның директоры Есжан Оразалин.

Бұл ретте, ол республика­лық бюджеттен түсіп жатқан қар­жы облыс тарапынан құжаттар­дың толық пакетін ұсынудың нәтижесінде мүмкін болып отырға­нын жеткізді. Есжан Оразалин­нің айтуынша, кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері өңірлік комиссияға өтініш бермеген кәсіпкерлік субъектілеріне қо­ңырау шалып, тиісті ұсыныстар мен түсініктемелер берді. Кәсіп­керлер өтінім беруді тездетуі керек.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp