«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЛОКОМОТИВ ТІЗГІНДЕУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Пойыз вагонындағы әр жо­лау­шының тағдырына темір тұл­парды тізгіндеген машинист жауапты. Ал жолаушылардың діттеген жеріне аман жетуі локо­мотив бригадасына өткізілген техникалық сабақтардың сапа­сына байланысты.

Көлік қызметкерлерінің кәсі­би мерекесі қарсаңында Петро­павл қаласындағы Локомотив депосына арнайы барып, ондағы қайнаған тірлікпен та­нысқан едік.

“Оңтүстік-Орал те­мір­ жолы” ашық акционерлік қо­ғамы Петропавл құрылымдық бө­лімшесінің Петропавл локомо­тив депосын­да 1080 адам еңбек етеді. Оның 350-і локомотив машинисі және 347-сі – машинистің көмекшілері.

Локомотив паркінде көктемгі және күзгі комиссиялық байқауға ерекше көңіл бөлінеді. Тексеріс кезінде ұсақ-түйек кемшіліктерге дейін қаперге алынып, оларды жоюдың барлық тетіктері іске қо­сылады. Локомотивтердің бар­лы­ғы біртіндеп жөндеуге қойылып, іші-сырты толық тазарты­лып, сырланып, безендіріледі. Мәселен күзгі комиссиялық бай­қау кезінде локомотивті қытымыр қысқа дайындап, мұз қатуы­ның алдын алу үшін арнайы жа­бын кигізеді және жазғы майды қысқыға ауыстырады. Бұл осы кезеңде локомотив паркінде ат­қарылатын жұмыстардың бір бө­лігі ғана.

– Күзгі тексеріске барлық жұмыскерлер мен қызметкерлер тартылады. Себебі бәріміздің мақ­сатымыз бір – байқауды жо­ғары деңгейде өткізіп, қыс мау­сымына сақадай-сай дайын тұру, – дейді Петропавл локомотив де­посы бастығының орынбасары Алексей Паничук.

Локомотив бригадаларының жұмысы, локомотив паркінің жаз­ғы тасымалдауға өтуі, электро­воздар мен тепловоздар паркінің техникалық жай-күйі, сондай-ақ кадрларды оқыту мәселелерін депо басшылығы ұдайы назарда ұстайды. Бұл орайда депо қыз­меткерлеріне тұрақты түрде ло­комотивтің жалпы құрылымын, пойыздың жүргізілуін және автотежегіштерді басқаруды ба­қы­лау, автоматика, телемеханика, байланыс және электрмен жабдықтау құралдарының сенім­ділігін арттыру, тыйым салатын сигналдардың өтуін болдырмау, өткелдерде апаттың алдын алу бойынша сабақтар өткізіледі.

Бұдан бөлек, са­бақтарда технологиялық тәртіп­тің сақталуына үнемі тексеру жүр­гізіліп, темір жол бойындағы оқи­ғалар, стандартты емес жағдай­лардан шығу бойынша қажетті шараларды зерделеу ег­жей-тегжейлі пысықталады. Лауазымдық нұсқаулықтарды, еңбек қауіпсіздігі технологиясын білу, басқа да біліктілік талапта­ры айтылып, пайдалану цехы, депо кезекшісі, локомотив қабылдаушылар мен сапа инженерлерінің білігі шыңдалып, рейс және ауысым алды меди­цина­лық бақылау өткізіледі. Оқу үдерісінен өткен жұмысшылар алған білімдері бойынша тест тапсырады.

Темір жол көлігіндегі аса маңызды әрі жауапты қызметтің бірі – локомотив машинисіне айрықша талап қойылады. Алыс сапарға шығар алдында локомотив жүр­гізушісі нұсқаулықтан өтіп, пойыз қозғалысының қауiп­сiздiгi, кенеттен орын алған оқыс оқиғаларда дұрыс әрекет ету жолдары пысықталады. Бұдан кейін темір жол дәрігерлері ден­саулығының жол жүруге жарамдылығына көз жеткізгеннен кейін депо бойынша кезекшінің тексе­рі­сі­нен өтіп, алыс сапарға шығу­ға рұқсат алады.

Машинист локомотивті бас­қарып қана қоймай, пойызды қабылдау және қызмет көрсету, жұ­мыс кезінде ақаулардың бар-жоғын тексеру секілді белгілі бір инженерлік жұмыстарды да мең­геруі керек. Себебі қан­дай да бір ұсақ-түйекті елемеудің соңы үлкен мәселеге айналуы мүмкін, ал жолда күтпеген аял­дама өзінің ғана емес, басқа пойыздардың да қозғалыс кесте­сінің бұзылуына әкеледі.

Алыс сапарға шығатын локомотив жүргiзушiсінiң қолына оның қырағылығын бақылауға арналған сағат тағылады. Егер машинист шаршап, ұйықтап кетсе, сағаттың монито­рында сары түспен “ескерту бел­гісі” жанады. Бұны байқаған ло­комотив жүргізушісі электровоздағы қырағылық белгісін басуы тиіс. Баспаған жағдайда ескер­тудің қызыл түсі жанып, ысқырық ойнайды. Бұл кезде машинист орнынан сәл көтеріліп, екінші қозғалтқышпен қырағылық белгісін басады. Осы екеуі орындалмаған жағдайда пойыз автомат­ты түрде тоқтайды.

Әрине, пойыз жүргізу – көлік жүр­гізгеннен әлдеқайда күрделі екендігі белгілі. Сондықтан әр машинистің бір бағытқа жұмыс уақыты 12 сағаттан аспауы тиіс.

Шойын жолдың бойындағы ең қорқынышты көрініс – жолаушылардың қозғалыс қауіпсіздігі үшін тыйым салынған жерлер­ден өтуі. Сонымен қатар елді мекендерге жақын орналасқан те­мір жолдың бойына төрт түлік малдың шығуы локомотив жүр­гізушісінің жұмысын қиындата­ды. Алайда психологиялық тө­зімділікті қажет ететін машинист мамандығын меңгерген қызмет­кердің қателікке бой алдыруына жол жоқ. Сондықтан машинист кез келген жағдайға дайын бо­луға міндетті.

– Локомотив машинисі ең ал­дымен білімді, қырағы және кез келген жағдайда тез әрі дұрыс шешім қабылдай білуі тиіс. Біздің жұмыс темірдей тәртіпті талап етеді. Былайша айтқанда, бұл фи­зикалық күш пен стресске төзімділікті қажет ететін мамандық, нағыз ер адамның жұмысы деуге болады. Техника тілін жетік меңгерген машинист көліктің ақауын алдын ала сезеді. Осы­ның барлығы локомотив жұмыс­шыларына нұсқаулық сабақта­рында оқытылады, – дейді Алек­сей Паничук.

Кез келген машинист көмек­шісі локомотивті тізгіндеуді ар­мандайтыны сөзсіз. Бұған дейін Петропавл локомотив депосын­дағы машинист көмекшілері бі­ліктіліктерін арттыруға Ресейдегі оқу орындарына жіберілсе, енді біздің елде де армандарын жү­зеге асыру мүмкіндіктері қарас­тырылуда. Машинистің көмекшісі болып еңбек етіп барып, өзін жауапкершілігі жоғары, талап­шыл маман ретінде танытқандар ғана сынақтан сүрінбей өтеді.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp