«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.08.2024

“ХАЛЫҚТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ БЕЙЖАЙ ҚАРАМАЙТЫНЫ ҚУАНТАДЫ”

Қайрат Жанғожинов – Шал ақын аудандық мәслихатының төрағасы, №1 учаскелік сайлау округі бойынша депутат, “AMANAT” партиясының мүшесі. Не үшін депутат болдым? Менің бүкіл өмірім білім беру саласымен байланысты. 1992 жылдан басталған жалпы еңбек өтілім 30 жылдан асады. Оның ішінде 10 жыл Кривощеково орта мектебінің директоры, 12 жыл Шал ақын ауданы білім бөлімінің басшысы, сонымен қатар …

“ХАЛЫҚТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ БЕЙЖАЙ ҚАРАМАЙТЫНЫ ҚУАНТАДЫ” Read More »

Кемшіліктер анықталды

Қоғамдық бақылау аясында Аққайың ауданына қарасты Смирново ауылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еріктілері әлеуметтік нысандарға жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. 2022 жылы Смирново ауылындағы стадионды жөндеуден өткізу бойынша екіжылдық жоба қолға алынған болатын. Сметалық құжаттама бойынша жоба құны 150 миллион теңгені құрады. Құрылысқа жауапты мердігер “Еңбек” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық …

Кемшіліктер анықталды Read More »

Дәстүрлі жәрмеңке

Облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасында мемлекеттік қызметтердің дәстүрлі жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде полицейлер мен мемлекеттік қыз­мет істері агенттігі департаментінің өкілдері азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі және оларды электрондық форматта пайдалану туралы кеңес берді. Бұл күні жәрмеңкеге келуші­лер қатары көп болды. Оларды не­гізінен адамдардың жеке ба­сын куәландыратын құжаттарды ресімдеу тәртібі және шетел аза­маттарын тіркеу мәселелері қы­зықтырып, …

Дәстүрлі жәрмеңке Read More »

“Жасыл ел” жасағы іске кірісті

Облыста “Жасыл ел” бағдар­ла­масына қатысушылар биыл бір ай ғана жұмыс істемек. Ниет білдірген жастарға еңбекақы тө­ленеді және олар арнайы киім-кешекпен қамтылады. “Жасыл ел” жасағы “Таза Қазақстан” акция­сына да белсенді қатыспақ. “Жасыл ел” еңбек жасағы өңір­де 1 тамыздан бастап іске кі­рісті. Ұйымдастырушыларға бө­лінген квота – 860 орын. Жаз уа­қытында еңбек етіп, табыс тап­қысы келетін жастардың қатары …

“Жасыл ел” жасағы іске кірісті Read More »

Жүз аялдама

Биыл облыс орталығында жылы да жайлы 100 аялдама ор­натылады. Биылғы жылға арналған қала бюджетінде бұл мақсатқа қа­ражат та қарастырылған. – Биыл қала көшелерінде 100 жаңа аялдама орнатуды жос­парлап отырмыз. Осыған байла­нысты бірнеше рет байқау өткіз­дік. Конкурстық рәсімдерде бір­қа­тар қиындықтар бар. Жаңа аялдамалар шыныдан жасал­майды. Павильондар жылы әрі жабық болады. Оған қоса, аял­дамаларды кәсіпкерлерге бас­қа­руға беруді …

Жүз аялдама Read More »

Қамқор жандар

Петропавлда “Қызыл Жарты Ай” қоғамының семинары өтті. Іс-шараға қатысушылар су тас­қыны кезінде атқарылған жұ­мыстарды қорытындылады. Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспар құрып, ұйым­ның жұмысын тағы қалай жақ­сартуға болатыныны жайлы ақылдасты. – Солтүстік Қазақстан облы­сында 2 мыңға жуық адамға кө­мек көрсеттік. 1700-ден астам тұрғын жәр­демақыға ие болды. Әр адамға 40 мың теңгеден берілді. Жал­пы көмекпен көпбалалы отба­сылар, жалғызбасты …

Қамқор жандар Read More »

Күміс қолда, алтын жолда

На­риман Құрбанов отандық спорттық гимнастика та­рихында ұлттық құрама қоржыны­на алғашқы жүлдені салды. Атлет ат снарядын­дағы жаттығуда күміс медальді еншіледі. Нариман Құрбанов фина­лда 15.443 ұпай жинап, 6 атлеттің алдын орап, тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл сында алтын ир­ландиялық Риз Макленагенге бұйырса, қола жүлде амери­калық Штефан Недорочектің ен­шісінде кетті. Бокстан Нұр­бек Оралбайдың бағы жанды. Отандық былғары қолғап …

Күміс қолда, алтын жолда Read More »

“Жетісуды” жеңді

Футболдан ел біріншілігінің 16-шы турында “Қызылжар” клубы өз алаңында талдықор­ғандық “Жетісу” командасын қа­былдады. Кездесу жергілікті аяқдопшылардың жеңісімен аяқталды. Алаң иелері биылғы бірін­ші­лікті сәтті бастаған еді. Деген­мен кейінгі турларда жиі қателік­ке бой алдырып, турнир кестесінде соңғы орынның біріне тү­сіп қалды. Сондай-ақ “Жетісу­дың” да жағдайы мәз емес. Аталған команда да қарсыласта­рына жиі есе жіберіп қойып жүр. Сенбі …

“Жетісуды” жеңді Read More »

“ҚҰСТАР ҚАЙТЫП БАРАДЫ”

Ағаш жапырақтары сарғайып, күн нұрын сирек шашып, күңіреніп күз жеткенде құстардың жылы жаққа қайтатыны – табиғи заңдылық. Сол бір құбылысты сазды әуенге айналдырып, қазақ халқына өлмейтін ән сыйлаған Нұрғиса Тілендиевтің “Құстар қайтып барады” әнін еңбектенген баладан еңкейген қарияға дейін айтып жүр десем, қателеспеймін. 1965 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрғиса Тілендиев “Қазақфильм” киностудиясында музыкалық …

“ҚҰСТАР ҚАЙТЫП БАРАДЫ” Read More »

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛҒА КӨҢІЛ АЛАҢ

Аққайыңдар өлкесінде тұратынымызды мақтан ететініміз өтірік емес. Бірақ осы сұлулықты құнттай алып жүрміз бе? Қоршаған ортаны таза ұстап, табиғатты аялауымыз керек деген қызыл сөз күнде айтылғанымен, көштің түзелер түрі жоқ. Бұл жалған айып емес, дәлелі бар деректер. Құзырлы органдар түгілі табиғатқа жанашыр­лықпен қарайтын әр қоғам мүшесінің көзі күнде көріп жүрген шындық. Өткен айдың соңында об­лыстық …

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛҒА КӨҢІЛ АЛАҢ Read More »

“ШӘКІРТІМ СЕНІМДІ АҚТАУЫ ТИІС”

Париждегі Олимпиада ойындарында велоспорттан ел намысын жерлесіміз Алексей Луценко қорғайды. 32 жастағы спортшы жекелей сында және топтық жарыста өнер көрсетеді. Байрақты бәсеке алдында Луценконың алғашқы жаттықтырушысы, облыстық әйелдер велоспортының аға бапкері Виктор Потаповпен сұхбаттасқан едік. – Виктор Иванович, шәкіртіңіз Алексей Луценкомен алғашқы кездесуіңіз есіңізде ме? – Балаларды тобыма алмас бұрын олар шағын сынақтар тапсырады. Ұзындыққа …

“ШӘКІРТІМ СЕНІМДІ АҚТАУЫ ТИІС” Read More »

Балықтың бабын тапсаң – табыс

Облыста биыл 62 су айдынын зерттеуге бюджеттен 19 млн. теңге бөлінді. Мақсат – тауарлық балық өсіру шаруашылығын дамыту үшін қолданыстағы көлдердің санын арттыру. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рет­теу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов өңірлік коммуни­кациялар қызметінде өткен брифингте балық шаруашылы­ғының жай-күйі мен даму перс­пективалары туралы айтты. Аймақта балық шаруашылы­ғына жарамды 589 көл бар. Оның …

Балықтың бабын тапсаң – табыс Read More »

СУ БАСҚАН ЛАГЕРЬ БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынынан зардап шеккен Қызылжар ауданындағы Большая Малышка ауылында болды. Бұл ауылда 321 үйді су басқан, оның 66-сы тұруға жарамсыз. Қазірдің өзінде 19 үй сүрілген. Апатты үйлерді бұзу және үйлерді жөндеу жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын мехбригадалар жүргізуде, ауыл тұрғындары өз күштерімен де үйлерін қалпына келтіріп жатыр. Өңір басшысы тұрғындармен сөйлесіп, атқарылып жатқан …

СУ БАСҚАН ЛАГЕРЬ БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН Read More »

ЖАСТАР “ҚУАТ БЕРЕТІН” СУСЫНҒА НЕГЕ ҚҰМАР?

Энергетикалық сусынды күні бойы қуатты әрі сергек жүруді көздеген кез келген адам пайда­ланады. Дегенмен де оның ден­саулық­қа зиян тигізетінін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сергіткіш сусындардың зия­ны туралы әңгімені алғаш рет 2010 жылы ақпанда сол кездегі Пар­ламант Мәжілісінің депута­ты Владимир Нехорошев көтер­ген еді. “Энергетикалық сусындар­­дың құрамында адам ағзасына өте қауіпті химикаттар бар. Оларды ХХ ғасырдың …

ЖАСТАР “ҚУАТ БЕРЕТІН” СУСЫНҒА НЕГЕ ҚҰМАР? Read More »