«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУ БАСҚАН ЛАГЕРЬ БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынынан зардап шеккен Қызылжар ауданындағы Большая Малышка ауылында болды. Бұл ауылда 321 үйді су басқан, оның 66-сы тұруға жарамсыз. Қазірдің өзінде 19 үй сүрілген. Апатты үйлерді бұзу және үйлерді жөндеу жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын мехбригадалар жүргізуде, ауыл тұрғындары өз күштерімен де үйлерін қалпына келтіріп жатыр. Өңір басшысы тұрғындармен сөйлесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексерді.

Надежда Крутских­тің баспанасын Тайынша ауданы­нан келген мехбригада қал­пына келтіріп жатыр. Сметалық құжат бойынша баспананы қал­пына келтіруге 5 млн. 800 мың теңге бөлінген. Бұл үйді жөндеу­ді механикалық бригада 25-ші мамырда бастаған. Олар Боль­шая Малышка ауылындағы 24 үйге жауапты.

Сонымен қатар Большая Ма­лышка ауылында әлеуметтік ин­фрақұрылым қалпына келті­рілуде. Ауыл мек­тебіне күрделі жөндеу жұмыс­тары жүргізіліп жатыр. Облыс әкі­мі жаңа оқу жылы бастал­ған­ға дейін барлық жұмыстарды аяқтауды тапсырды.

Аталған елді мекен “Ауыл­дық денсаулық сақтауды жаң­ғыр­ту” ұлттық жобасына енгі­зіл­ген. Мұнда медициналық қыз­мет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа фельд­шерлік-акушерлік пункт салы­нып жатыр. Жоба құны – 203,3 млн. теңге. Құрылыс мамыр айында басталған. Бас мердігер – “Севимсталькон” ЖШС.

– 20-шы мамыр күні келісімшартқа қол қойдық. Бірақ құры­лысқа бір айдан кейін кірістік. Себебі ауылдың ішінде су тұр­ды. Құрылыс жүретін орын дайындап, ағаштарды кестік. Жерді қазған кезде ескі балабақ­шаның іргетасы шықты. Бар­лығын алып тастадық. Қа­зір іргетасын көтеріп жатырмыз, – деді “Севимсталькон” ЖШС-ның ди­ректоры Сұлтанбек Газдиев.

Осы күні облыс әкімі “Се­ребряный бор” жазғы сауықты­ру лагерінде де болды. Бұл ме­кемені де көктемде су басқан еді. Бүгінде күрделі жөндеу аяқ­талды, лагерь балаларды қабыл­дауға дайын. Жаздың со­ңы­на дейін 200 оқушыны қамтитын екі маусым өткізу жоспарланып отыр. “Серебряный бор” жазғы сауықтыру лагерінің ди­ректоры Ғафура Бөстекованың айтуынша, лагерьде асхана, ойын алаңдары бар, душ орнатылған. Ауызсу мәселесі де шешілді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp