Биыл облыс орталығында жылы да жайлы 100 аялдама орнатылады.
Биылғы жылға арналған қала бюджетінде бұл мақсатқа қаражат та қарастырылған.
– Биыл қала көшелерінде 100 жаңа аялдама орнатуды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты бірнеше рет байқау өткіздік. Конкурстық рәсімдерде бірқатар қиындықтар бар. Жаңа аялдамалар шыныдан жасалмайды. Павильондар жылы әрі жабық болады. Оған қоса, аялдамаларды кәсіпкерлерге басқаруға беруді ұсынып отырмын. Олар сол аялдамаларда коммерциялық жобаларын жүзеге асыра алады. Аталмыш жоба бойынша ережелерді қарастырып, бекітеміз, – деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.