«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қамқор жандар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда “Қызыл Жарты Ай” қоғамының семинары өтті. Іс-шараға қатысушылар су тас­қыны кезінде атқарылған жұ­мыстарды қорытындылады. Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспар құрып, ұйым­ның жұмысын тағы қалай жақ­сартуға болатыныны жайлы ақылдасты.

– Солтүстік Қазақстан облы­сында 2 мыңға жуық адамға кө­мек көрсеттік. 1700-ден астам тұрғын жәр­демақыға ие болды. Әр адамға 40 мың теңгеден берілді. Жал­пы көмекпен көпбалалы отба­сылар, жалғызбасты қариялар, мүмкіндігі шектеулі адамдар қам­тылды, – деді жоба үйлесті­рушісі Елена Кистаубаева.

Қоғам мүшелері су тасқынынан зардап шеккен Ақ­мола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облы­стары­ның тұрғындарына көмек көр­се­тіп жатыр. Барлығы 5 мың адам­ға біржолғы жәрдемақы беру жоспарда бар. Қазіргі таңда мұн­дай көмекпен 4 жарым мың адам қамтылды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp