«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 07.08.2024

“МӘҢГІЛІКТІҢ” МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

“Мәңгілік” би ансамблі Болгарияда өткен халықаралық байқауда өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Бұл – жеті жыл бұрын құрылған би ансамблінің алғашқы жеңісі емес. Шілденің 16-ы мен тамыз­дың 3-і күндері аралығында Бол­гария мемлекетінде халықара­лық бишілер байқауы өтті. Ерек­ше сайысқа Қазақстаннан тек “Мәңгілік” би ансамблі шақырту алған. Олар шетелдік сахнада қа­зақ халқының ұлттық билерін ұсынды. Осы …

“МӘҢГІЛІКТІҢ” МЕРЕЙІ ҮСТЕМ Read More »

Зиянды әдеттен сақтандырды

12 тамыз – Жастар күніне орай қаламыздың түкпір-түкпі­рінде түрлі іс-шара бас­тау алды. Со­ның бірі Қазақ­стан хал­қы об­лыс­тық ас­самблеясының маңында ұйымдастырылды. Аталған ша­ра­ны “Қоғамдық да­му және ақ­парат орталығы­ның” жастар бас­тамалары бөлімі және облыс­тық волонтерлік фронт-офис пен “Болашақ” кор­по­ративтік қоры бірлесіп ұйым­дас­тырды. – Акцияның мақсаты – денсаулық сақтауға жастар мен ерік­тілерді тарту, саламатты өмір сал­тын ұстануға ынталан­дыру. …

Зиянды әдеттен сақтандырды Read More »

Саңырауқұлақтан уланған

Петропавлда саңырауқұ­лақ­тан екі әйел қатты уланып, өлім аузынан қалды. Олардың біреуі әлі де жансақтау бөлімін­де жа­тыр. Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы­ның мәліметінше, екі оқиға да бір күнде болған, бірақ бір-біріне қа­тысы жоқ. Жексенбі күні қа­лалық көп­бейінді ауруханаға са­ңырауқұ­лақ жеп уланды деген диаг­ноз­бен 49 жастағы әйел түс­кен. Өте ауыр жағдайда түскен қала тұрғыны бірден жансақтау …

Саңырауқұлақтан уланған Read More »

“Бұйырғаны – қола”

Франция астанасы Париж қаласында Олим­пиада ойын­да­ры жалғасуда. Ұлттық құра­ма қор­жынына тағы бір медаль түсті. Осы жолы әйелдер бок­сында Назым Қызайбайдың жұл­дызы жанды. 50 келі салмақта ел намы­сын қорғаған отандасы­мыз жар­ты­лай финалда қытай­лық Ву Юмен қолғап түйістіріп, төреші­лер шешімімен ұтылды. Алай­да Олимпиада ойында­ры­ның қола жүлдесін қанжығасы­на бай­лады. Назымның бұл жүл­десі – ел қоржынына түскен үшінші қола …

“Бұйырғаны – қола” Read More »

Ұрланған астық

Полицияға Тимирязев ауда­нындағы жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестіктердің бірінің же­тек­­ші­сі жүгінген. Шаруашы­лық ау­мағынан салмағы 200 тон­на­дан аса­тын өнім ұрланған. Анық­тал­ғандай, би­дай 2024 жыл­ғы ма­мыр айының соңында және мау­сым айының басында түнгі уа­қытта тіркемесі бар “КамАЗ” жүк көліктерімен шы­ғарылған. Шы­ғын 32 миллион тең­­геге жуық­та­ған. Облыстық крими­налдық по­лиция басқар­масы­ның қызмет­керлері аудан­дық поли­ция бө­ліміндегі әріптесте­рімен бірле­сіп жүк көлікте­рінің жүргізу­шілерін – …

Ұрланған астық Read More »

АУЫЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ АУҚЫМЫ ТАРЫЛМАСЫН

Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Сегіз сері сынды дүлдүлдердің дүбірі қалған Қызылжар елі – ежелден ән мен жырдың бесігін тербеткен құтты мекен. “Алыптар ауылдан шығады” дегендей осы күні ел аузында жүрген өнер майталмандарының қай-қайсысы болсын кезінде ауыл сахнасынан түлеп ұшты емес пе? Сол талантты жандардың өнерін ұштаған ауылдағы руханият ошағы – Мәдениет үйлерінің қазіргі халі қалай? …

АУЫЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ АУҚЫМЫ ТАРЫЛМАСЫН Read More »

АҒЗАНЫ УЛАЙТЫНЫН НЕГЕ ОЙЛАМАЙМЫЗ?

Қазақ руханиятының қарашаңырағы атанған “Soltüstık Qazaqstan” газетінің көтеріп отырған мәселесі өзекті. Шынында да күні кеше ғана алкогольді сусыннан ұрттайтындармен алысып едік, бүгін энергетикалық сусындардың салдарымен күресіп жүрміз. Бұлай жалғаса берсе, дені сау адам таппай қалуымыз ғажап емес. Себебі шаршағанда бойыңа қосымша қуат беретін сусынға құмартқандардың қатары күн санап артып келеді. Желік қуған жастардың арасында бірден …

АҒЗАНЫ УЛАЙТЫНЫН НЕГЕ ОЙЛАМАЙМЫЗ? Read More »

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

“eGov.kz” порталын пайдаланушылар енді жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалған немесе ұрланған кезде ғана емес, сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де ала алады. Енді жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде пайдаланушылар бұрын алынған жеке куәлігі мен паспортынан (3 жылдан аспайтын құжаттар) өз фотосын орнату мүмкіндігі пайда болды. Басты шарты фотосуреті пайдаланылатын құжат 3 жылдан …

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді Read More »

Еркіндік үшін күресті

ХХ ғасырда елді оянуға, білім алуға, мәдениет пен ғылымға шақырып, тәуелсіз мемлекет атануға үндеген Алаш қайраткерлерінің арасында солтүстік өңірдің тумалары көп болғанын көзі ашық, көкірегі ояу қазақтың бәрі біледі. Атап айтқанда, олардың қатарында Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Бекмұхамед Серкебаев, Абдолла Байтасұлы сынды тұлғалар бар. Менің нағашы атам Мұхамеджан Бейсенов те белгілі ұлт зиялыларымен …

Еркіндік үшін күресті Read More »

АУЫЗБІРШІЛІГІ БЕКЕМ АЛҚАТЕРЕК

Ақжар ауданына газет пен оқырманның қарым-қатынасын нығайту мақсатында жолға шықтық. Қаз қатар тізілген аққайыңдар табиғаттың сәнін кіргізсе, көлге қонған бір топ аққу дала әнін айтып тұрғандай… Қызылжар, Аққайың, Тайынша аудандарын артқа тастап, аудан орталығы Талшыққа жақындағанда шұрық-тесік жолдар ойымызды бұзып жіберді. Алдымен сол кездегі аудан әкіміне сәлем беріп шықтық. Аудан басшысы Алқатеректің берекелі, ұйымшыл ауыл, …

АУЫЗБІРШІЛІГІ БЕКЕМ АЛҚАТЕРЕК Read More »

Таңат БЕЙСЕНБАЕВ: “РУХАНИЯТТАН АЛЫСТАҒАН АДАМ ДАҒДАРЫСҚА ҰШЫРАЙДЫ”

– Таңат Ошыбайұлы, әңгімені әріден бастайық, Арқаның сал-серілерін үлгі тұтқан жасқа атақты Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті атанып, Батыс ән мектебінің мақамын меңгеру оңай болмаған болар. – Арқа, Жетісу, Маңғыстау, Сыр өңірі, Батыс дәстүрлі ән мектептері барын жақсы білерсіз. Арқада тұрып, бұл жақтың ән айту стилі бойымызға сіңгендіктен Ғарифолла ағайымның дәрістері оңай тие қоймады. Әскер қатарынан келген …

Таңат БЕЙСЕНБАЕВ: “РУХАНИЯТТАН АЛЫСТАҒАН АДАМ ДАҒДАРЫСҚА ҰШЫРАЙДЫ” Read More »

Келінге кеңес

Елдегі Есенбай ағай құрмал­дық бермек. Қырық жылдан астам уақыт бойы ауылдың шаң-тозаңын жұтып, еңбек етті. Енді міне, зей­нет демалысына шықпақ. Бір күн ерте бардық. Құрмалдықтың дәмі­мен бірге, елге деген сағыныш та­ғат таптырмаған. Ағай дайындық қамында екен. Алыс-жақындағы ті­лектес, ниеттес қауымның басын қоспақ. Қыс бойы жемдеулі тұрған малын сойғалы жатыр. Жарты етін қаладан келген саудагерге сат­пақ. …

Келінге кеңес Read More »

ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: “Әділетті Қазақстан­да еңбек адамына ерек­ше құрмет көрсетілуі тиіс. Әсіресе, ұс­таз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құт­қарушы, жұ­мысшы, шаруа сияқты мамандардың мәртебе­сін одан әрі арттыра түсуіміз қажет, осы кәсіп иелері тиісті құрмет пен сыйға ие болғанда ғана, қоғамымыз шынымен жаңарады деп айта аламыз”, – деген сөздері ойға оралады. Пре­зидент аталған мамандықтар бойын­ша қызмет етіп жүргендер …

ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ Read More »

Әйелдің көңілі – көзінде

Петропавлда 19 қыр­күйек­те “Се­нім” жобасының жаңа маусымы басталады. Әйелд­ерге арналған жо­баның мақса­ты – күнделікті күй­бең тірлік соңында жүріп, өзін ұмы­тып, тіршілік тауқыметіне беріліп, өмірде өз орнын таба алмай ала­сұрған әйелдерге көмектесу. Екі айға созылатын бұл бағдар­ламаға қатысу үшін өтінім беру 20 тамыздан басталады. Ұйымдас­тырушылардың айтуынша, жобаға 15-тен астам серіктес демеушілік көмек көрсетеді. “Атына заты сай” …

Әйелдің көңілі – көзінде Read More »

ҚАМҚОР ӘКЕ

Петропавлда 4717 толық емес отбасы есепке алынған. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, соның 49-ында балаларын әкелері жалғыз өзі тәрбиелеуде. Солардың бірі – Талғат Тутуев. Ол – алты баланың әкесі. Бүгінде бес баласы кәмелет жасқа толмаған, мектепте оқиды. Бүгінде жалғызілікті аналар туралы жиі айтамыз. Бірақ ба­лаларын жалғыз өзі тәрбиелеп жатқан әкелер де аз емес. Алты баламен жалғыз …

ҚАМҚОР ӘКЕ Read More »

Еркелетейік, бірақ еркінсітпейік

“Жүре берсең, көре бересің” де­мекші біздің қоғамда жаға ұстатарлық жайттар аз емес. Жуырда Павлодар облысында 12 жастағы қыздың дүниеге сәби әкелуі соның айғағы. Бұрын-соңды мұндай оқиғаларды естіп-көрмеген соң, абдырап қалғаны­мыз рас. Десе де, оқиғаның дәл себебін білмеген соң, артық ай­тып жазғырудың да реті жоқ. Бі­рақ өзі әлі бала болса да дүниеге сәби әкелген қыздың арын …

Еркелетейік, бірақ еркінсітпейік Read More »

“Қапқа салар”

“Жиған-тергенің тойға ша­шыл­сын!” деп тілек тілейтін қа­зақтың көптеген салт-дәстүрлері де осы тойға байланысты туындаған екен. Той – ха­лық­тың қазынасы, сондықтан той сый-сияпатсыз болмайды. Сый-сияпат көңілдерді жібітеді, мейі­рімді арттырады, сыйластықты сақтайды деген сөз қазақта ғана емес, діни тұрғыдан алып қара­ғанда да құпталатын жақсы амал­дардың бірі. Әр адамның көңіліне жол таба алатындай сыйлықтың түрлері болады. Сый­лықтың құндылығы …

“Қапқа салар” Read More »

СЕГІЗДІҢ ЖАРЫ ЫРЫСБИКЕ ЖАЙЫНДА

Қазақтың киелі жерлерін ара­лау, тәу ету, тағзым жа­сау мақса­тында тарих тарлан­боздары құн­дақталған киелі ме­кен Қызыл­жарға келдік. Сапар ба­рысында атақты Қожаберген жы­раудың жат­қан жеріне барып, Сегіз се­рінің ұрпақтарымен кездес­тік. Та­рихын зерделеп, тере­ңірек та­ныстық. Қанша деген­мен, кітап­тан оқыған бір бөлек те, өз көзің­мен көрген мүлдем бө­лек дүние ғой. Сезінесің, тере­ңірек ұғына тү­сесің. Сегіз сері біздің Ырысбике деген …

СЕГІЗДІҢ ЖАРЫ ЫРЫСБИКЕ ЖАЙЫНДА Read More »

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ

Булаев қаласындағы “Дос­тық” мәдениет және демалыс саябағының меңгерушісі Мей­рам Рыспаев ұлттық мұрамыз­ды сақтап, мәдени құндылықтардың дамуына үлес қосып жүр. Ол ауданның қоғамдық-сая­си өміріне белсенді қатысып, он жыл бойы “Мақсат” қазақ этномәдени бірлестігіне жетек­ші­лік етуде. Қоғамдық жұмыстармен өнерді де қатар ұстауда. Он саусағынан өнер тамған азамат – үздік қол­өнер шебері. “Жігітке жеті өнер де аз” де­ген …

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ Read More »