«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Булаев қаласындағы “Дос­тық” мәдениет және демалыс саябағының меңгерушісі Мей­рам Рыспаев ұлттық мұрамыз­ды сақтап, мәдени құндылықтардың дамуына үлес қосып жүр. Ол ауданның қоғамдық-сая­си өміріне белсенді қатысып, он жыл бойы “Мақсат” қазақ этномәдени бірлестігіне жетек­ші­лік етуде. Қоғамдық жұмыстармен өнерді де қатар ұстауда. Он саусағынан өнер тамған азамат – үздік қол­өнер шебері.

“Жігітке жеті өнер де аз” де­ген дана халқымыздың нақыл сөзі Мейрам Қағошұлына қара­тып айтылғандай. Оның былға­рыдан, жүннен, матадан, ағаш­тан жасаған бұйымдары әркез аудандық және облыстық деңгейде өтетін іс-шаралардың төрінен орын алады.

Мәселен, Мейрам Рыспаев 2017 жылы облыстың қолөнер­шілер делегациясының құрамын­да Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқа­нын айтып өткен жөн. Оның та­маша туындыларын барша ел та­ма­шалағанын мақтаныш етеміз. Өткен жылы ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай оның қолөнер бұйымдары Петропавл қаласында өткен “Салт-дәстүр” этномәдени бір­лестіктерінің облыстық бай­қауында көпшілік назарына ұсынылып, бас жүлдені жеңіп алды.

Мейрам Қағошұлы өзінің туындыларымен Наурыз мейра­мы, Қазақстан халқының бірлігі күні, Рухани келісім күні сынды бас­қа да мерекелерде ұлттық қолөнерді, салт-дәстүрді наси­хаттап, оның да­муына өзіндік үле­­сін қосып келеді. Ата-бабамыздан өнеге болған қолөнерді өс­келең ұрпаққа үйретуді басты мақсат еткен азамат ұлт тәр­биесіне үлкен назар аудару қа­жет екенін айтудан жалыққан емес.

“Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!” дегендей үсті­міз­дегі жылы өңір халқы су тасқынынан біраз жапа шекті. Өзге де жанашыр, қайырымды азаматтармен бірге Мейрам Қоғаш­ұлы да қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек қолын созып, су тасқынынан зардап шеккен жан­дарға гуманитарлық көмек ұйымдастырды. Ізгі ша­раның басы-қасында болған жерлесіміздің азаматтығын та­ны­татын мұндай қасиеттері аз емес.

Бүгінде Пайғамбар жасына жетіп, құрметті демалысқа шығып жатқан Мейрам Қағошұлын барша аудан жұртшылығы мақ­тан­ыш етеді. Өнегелі өмірімен, еткен еңбегімен көпшіліктің құр­метіне бөленген азаматқа мықты денсаулық тілейміз.

Айгүл ӘБСАЛЫҚОВА,

аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp