«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұрланған астық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полицияға Тимирязев ауда­нындағы жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестіктердің бірінің же­тек­­ші­сі жүгінген. Шаруашы­лық ау­мағынан салмағы 200 тон­на­дан аса­тын өнім ұрланған. Анық­тал­ғандай, би­дай 2024 жыл­ғы ма­мыр айының соңында және мау­сым айының басында түнгі уа­қытта тіркемесі бар “КамАЗ” жүк көліктерімен шы­ғарылған. Шы­ғын 32 миллион тең­­геге жуық­та­ған. Облыстық крими­налдық по­лиция басқар­масы­ның қызмет­керлері аудан­дық поли­ция бө­ліміндегі әріптесте­рімен бірле­сіп жүк көлікте­рінің жүргізу­шілерін – 1982, 1985 жыл­дары ту­ған екі кү­діктіні, сон­дай-ақ көр­шілес Қоста­най облысындағы сатып алушыларды анықтады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, он жыл­ға дейінгі мерзімге бас бос­­тан­дығынан айырылуы мүм­кін.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp