«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Бұйырғаны – қола”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Франция астанасы Париж қаласында Олим­пиада ойын­да­ры жалғасуда. Ұлттық құра­ма қор­жынына тағы бір медаль түсті. Осы жолы әйелдер бок­сында Назым Қызайбайдың жұл­дызы жанды.

50 келі салмақта ел намы­сын қорғаған отандасы­мыз жар­ты­лай финалда қытай­лық Ву Юмен қолғап түйістіріп, төреші­лер шешімімен ұтылды. Алай­да Олимпиада ойында­ры­ның қола жүлдесін қанжығасы­на бай­лады. Назымның бұл жүл­десі – ел қоржынына түскен үшінші қола медаль.

– Негізгі мақсатым Париж Олимпиадасының алтыны бо­латын. Өкінішке қарай, финал­ға жете алмай қалдым. Дайын­дығым өте жақсы бо­лып еді. Бірақ қытай қызы так­тикалық тұрғыдан алдап кетті. Негізі ме­нен бүкіл халық алтын күтті ғой. Мен сол күткен үмітті ақтай ал­мадым. Сол жағын ой­лап, көңілім босап тұр. Арма­ным – қазақ қыздары арасынан шыққан тұң­ғыш Олимпиада чем­пионы ата­ну еді. Бірақ бұйыр­ға­ны – қола медаль, – деді жарыстан кейін берген сұхбатында Назым Қы­зайбай.

Ал грек-рим күресінен 77 ке­лі салмақта Демеу Жады­раев жартылай финалда қарсыла­сын ұтып, финалға шық­ты. Бұл сында ол әзірбайжандық Санан Сулей­мановты жеңді. Енді ол алтын үшін та­ласпақ.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp