«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“eGov.kz” порталын пайдаланушылар енді жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалған немесе ұрланған кезде ғана емес, сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де ала алады.

Енді жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде пайдаланушылар бұрын алынған жеке куәлігі мен паспортынан (3 жылдан аспайтын құжаттар) өз фотосын орнату мүмкіндігі пайда болды. Басты шарты фотосуреті пайдаланылатын құжат 3 жылдан артық болмауы керек.

Бұдан басқа азаматтарға ыңғайлы болу үшін дайын құжаттарды алуға болатын ХҚКО бөлімшелерінің тізімі кеңейтілді. Енді жүргізуші куәлігін тек мамандандырылған ХҚКО-да ғана алмайсыз. Онлайн-сұрау салу кезінде жүргізуші куәлігін қайта шығару 60 минутты, арнайы ХҚКО бөлімшелерінде – 120 минутты алады.

Қызметті алу үшін алдымен “eGov.kz” порталында авторизация жасаңыз, одан кейін “Көлік және коммуникация” бөліміне өтіңіз. Қызметтер тізімінен “Жүргізуші куәлігін алу” тармағын таңдаңыз және барлық қажетті өрістерді толтырыңыз. ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойыңыз.

Қызмет нәтижесімен “Жеке кабинетте” танысуға болады. Пайдаланушыға хабарлама қызметті алу тәсіліне қарай (онлайн немесе офлайн) 60 немесе 120 минуттың ішінде келеді.

Қызметтің жаңа функционалы Ішкі істер министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің және “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

Жайнагүл СЕЙДАХМЕТОВА,

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ қоғаммен байланыс басқармасының қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp