«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зиянды әдеттен сақтандырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

12 тамыз – Жастар күніне орай қаламыздың түкпір-түкпі­рінде түрлі іс-шара бас­тау алды. Со­ның бірі Қазақ­стан хал­қы об­лыс­тық ас­самблеясының маңында ұйымдастырылды.

Аталған ша­ра­ны “Қоғамдық да­му және ақ­парат орталығы­ның” жастар бас­тамалары бөлімі және облыс­тық волонтерлік фронт-офис пен “Болашақ” кор­по­ративтік қоры бірлесіп ұйым­дас­тырды.

– Акцияның мақсаты – денсаулық сақтауға жастар мен ерік­тілерді тарту, саламатты өмір сал­тын ұстануға ынталан­дыру. Қала тұрғындары ара­сында темекіге, алкогольге, есірткі және улы зат­тарға қарсы пікір қалыптастыру, – дейді қоғамдық даму және ақпа­рат орталығы бөлімінің маманы Гүл­бақыт Байбусинова.

Акция барысында түрлі қы­зықты ойындар ұйымдас­ты­рыл­ды. Жеткіншектердің бел­сен­ділі­гін арттыру үшін меди­цина қыз­мет­керлерін де шақыр­ған. Білікті мамандар ба­лалардың қан қысы­мын, бойы мен салмағын өлшеп, тұрғындарға денсаулыққа қатыс­ты ке­ңес берді. Шараға қатысқан жасөспірімдердің қуанышында шек жоқ. Олар жаттығулар жасап, бойларын сергітті.

Іс-шарада белсенділік та­ныт­қандарға түрлі жемістер та­ратылды. Себебі бұл өнімдер­дің құ­рамында адам ағзасына қажетті дәрумендер бар.

Нұрасыл АХМЕТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp