«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МӘҢГІЛІКТІҢ” МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Мәңгілік” би ансамблі Болгарияда өткен халықаралық байқауда өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Бұл – жеті жыл бұрын құрылған би ансамблінің алғашқы жеңісі емес.

Шілденің 16-ы мен тамыз­дың 3-і күндері аралығында Бол­гария мемлекетінде халықара­лық бишілер байқауы өтті. Ерек­ше сайысқа Қазақстаннан тек “Мәңгілік” би ансамблі шақырту алған. Олар шетелдік сахнада қа­зақ халқының ұлттық билерін ұсынды.

Осы саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандардың ай­туынша, би құдіретін түсіну үшін бишінің қимылына ғана емес, жанарына да назар аудару қажет. Қызылжарлық ұжым көз­де­гі от, бойдағы қуат және көп жылғы қажырлы еңбектің арқа­сында бас жүлдені жеңіп алған. Осы қасиеттердің барлығы би­шілердің бойында болса, алын­байтын қамал жоқ. Бұл – ан­самбльдің көркемдік жетекшісі Михаил Лахтиннің ұстанымы.

– Бұл байқауға кез келген ұжым қатыса алмайды. Тек на­ғыз мықтылар ғана жиналады. Біздің өне­рімізге де барлығы тәнті болды. “Қазақстан алға!” деп бар қол­дауларын танытты. Бұл байқау би ұжымы үшін зор тәжірибе бол­ды, – дейді “Мәңгілік” би ан­самблінің көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Ми­хаил Лахтин.

Фестиваль 5 кезең­нен тұрған. Әрқайсысы әр қала­да өткізіліпті. Би шеберлері жи­налған сайыста 9 мемлекеттің өнерпаздары бақ сынаған. Теріс­кейлік таланттар аталған са­йысқа жарты жыл бойы дайын­далыпты. Аптап ыстық та кедергі болмаған.

– Барлық би ұжымдарына өнер көрсету қиынға соқты. Се­бебі, біз барған сәтте ауа тем­пературасы +35 пен 40-тың ара­лығында болды. Біздің бір биі­міз­дің ұзақтығы – 30 минут. Да­лада өнер көрсеттік. Әрине, оңай­ға соққан жоқ. Дегенмен біз бұған да сақадай сай болып бар­дық, – дейді “Мәңгілік” би ан­самблінің хореографы Каринэ Самудинова.

Теріскейлік таланттар Мол­дова, Грузия, Мексика мен Бо­ливияда өтетін байқауларға шақырту алған.

Мәдина ҚАБИ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp