«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Радиация деңгейі талапқа сай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық экология департаментінің өкілдері кен орындарына жиі барады. Жақында табиғат жанашырлары Айыртау мен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болды. Мұнда бір кездері уран өндірілгені белгілі. Сондықтан мамандар гамма-сәулелену деңгейін тексерді.

– Гигиеналық радиациялық қауіпсіздік стандартына сәйкес гамма-сәулеленудің көрсеткіші нормадан асып кету жайты анықталған жоқ. Тексеру көп уақытты алмайды. Қолымызда дозиметр-радиометр құрылғысы болады. Оған датчик қосылады. Сол арқылы бірден гамма-сәулеленудің қорытындысы белгілі болады, – дейді облыстық экология департаменті зертханалық және аналитикалық бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Александра Хряпова.

Экологтар мұндай сапарларды медиа-жоспар аясында жүзеге асырады. Олар радиация деңгейінен бөлек, ірі кәсіпорындардан бөлінетін ағынды сулардың әсерін, өнеркәсіптік шығарындыларды және басқа да жайтты бақылайды.

Облыстық экология департаменті зертханалық және аналитикалық бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Александра Хряпованың айтуынша, олар аккредиттелген зертхана болғандықтан 33 көрсеткіш бойынша тексеру жүргізе алады. Бұл жауапты міндетті 4 маман атқарады. Олар негізгі жұмыстарынан бөлек, әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында іссапарларға да шығады.

Байболат ҚҰЛТАНОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp