«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сенімнің жүгі ауыр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстың 11 ауданында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. Сондай-ақ аудандық маңызы бар екі қаланың әкімі сайланды.

“AMANAT” партиясы атынан сайлауға түскен Сергей Орлов Айыртау ауданына қарасты Константиновка ауылдық округі­нің әкімі болып сайланды. 1980 жылы дүниеге келген азамат Антоновка ауылдық окру­гінде бас маман болып жұмыс істеген. Оған 692 ауыл тұрғыны дауыс берді. Ал Лобанов ауыл­дық округінде 44 жастағы Саят Қошқарбаев жеңіске жетті. Уақытша жұмыссыз жүрген азамат өзін-өзі ұсынып, 677 ауыл тұрғы­нының сеніміне ие болды. Есіл ауданының Амангелді ауылдық округінің әкімі болып Бақыт Исмағұлов сайланды. Қарсылас­тарынан екі есе көп дауыс жи­наған 60 жастағы азаматты “AMANAT” партиясынан әріп­тестері ұсынды. Ол 106 дауыс жи­нады. “Жас болса да, бас болу­ды” ұйғарған 1997 жылғы Арман Абулғазин Заречный ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Аталмыш партияның аудандық филиалы атынан ұсынылған жі­гіт Чириковка ауылында тұрады.

Нұркен Сисенбаев Есіл ауда­нындағы Явленка, ал “Respub­lica” саяси партиясының атынан түскен Сұлтан Абзалимов Жам­был ауданындағы Кладбинка ауылдық округінің әкімі бо­лып сайланды. Мағжан Жұма­баев ауданында екі ауылдық округ және Булаево қаласы әкімі­нің сайлауы өтті. Қала басшысы болып “Қазақстан халық партия­сының” мүшесі, 37 жастағы Аза­мат Беримжанов сайланды. Ал­тын дән селолық округіндегі сай­лау нәтижесі бойынша Валерий Форш көп дауыс жинады. Басто­мар ауылдық округі­нің халқы бұ­рынғы әкімдері Ма­рат Қайыржа­новты қолдап, дауыс берген. Қы­зылжар ауданын­дағы Бугровое ауылдық ок­ругіне 235 дауыс жи­наған Нұрсұл­тан Қуатов әкім бо­лып сайланды. Аталмыш аудан­да­ғы Ви­ноградов ауылдық округі тұрғындарының басым бөлігі Фар­хат Гарипов үшін дауыс бер­ген. При­брежный ауылдық окру­гіне Дәу­рен Рамазанов сайлан­ды. Об­лыс­тық сайлау комиссия­сы бас­пасөз қызметінің мәліметі бо­йын­ша, Мамлютка қаласының әкі­мі болып “АМАNАТ” партиясы­нан ұсынылған Асқар Оразалинов сайланды. Өзін-өзі ұсынған Елхан Бименді Ново­михайловка ауылдық округіне басшылық етсе, Елена Сандерс Ғабит Мү­сі­ре­пов атындағы ауданның Возвышен­ка, Сергей Спасибуш­кин Новосе­лов ауылдық округте­рінің әкімі қызметіне кіріспек.

Тайынша ауданында бес ауылдың әкімі таңдалды. Дра­гомировкаға Александр Шерс­тюк, Келлеровкаға Ержан Хами­тов, Тихоокеанға Ерлан Бәкіров, Ясная Поляна ауылдық округіне Ермұқан Темірбаев әкім бо­лып сайланды. Чкалов ауылдық ок­ру­гінің тізгіні енді өзін-өзі ұсын­ған Азамат Қалиақпаровтың қо­лында.

Тимирязев ауданындағы Докучаев ауылдық округінде бол­ған сайлауда өзін-өзі ұсынған Ба­қ­ытжамал Жағыпарова жеңіске жетті. Уәлиханов ауданындағы Қарасу ауылдық округі тұрғында­ры­ның басым бөлігі Ғалиәскер Жүкенов үшін дауыс берген. Рус­лан Сәдуақасов Шал ақын ау­да­нында Новопокровка, Марат Ах­метов Приишим ауылдық ок­руг­теріне әкім болып сайланды. Ал өзін-өзі ұсынған Ғани Құбаисов Юби­лей­ный ауылдық округінің әкі­мі бол­ды. Айта кетейік, жаңа сай­ланған әкімдердің екеуі әйел, қалғаны – ер-азаматтар. Жаңа­дан сайлан­ған 29 әкім жақында өз міндет­теріне кірісетін болады.

Гүлнәр САЙЛАУ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp