«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жеке кәсіпкер жарнаны қалай төлейді?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы кездері МӘМС-ке жарна төлеуі тиіс жеке кәсіпкер­лерден түсетін сұрақтар жиіледі. Сол сұрақтардың негізгілері бо­йынша ақпарат беруді жөн са­надық.

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын аза­мат­тар өзге де әлеуметтік ауда­рымдармен қатар МӘМС-ке белгіленген жарналарды төлейді. Жарна мөлшері ЕТЖ-ның 1,4-еселенген мөлшерінің 5 пайы­зын құрайды, яғни 5% * (85 000 * 1,4) = 5 950 теңге (2024 жылы).

Егер жеке кәсіпкердің жалда­малы қызметкерлері болса, онда олар үшін жұмыс берушінің есе­бінен қызметкерлердің жалақы­сының 3 пайызы мөлшерінде, бі­рақ 25500 теңгеден аспайтын (10 ЕТЖ-дан, яғни 2024 жылы 850000 теңге) аударымдар; қызметкерлердің жалақысының 2 пайызы мөлшерінде, бірақ қыз­меткердің табысы есебінен 17000 теңгеден (10 ЕТЖ-дан) аспайтын жарналар төленеді. Тө­лемді МӘМС-ке банктің кез келген бөлімшесі немесе мобильді қосымшасы, “Қазпошта” АҚ кас­сасы арқылы аударуға болады.

Жалдамалы қызметкер бо­лып табылатын жеке кәсіпкер де МӘМС-ке жарна төлейді. Бұл “МӘМС туралы” Заңмен рет­тел­ген. Яғни ол жеке кәсіпкер ретін­де (5950 теңге), сонымен қатар жалдамалы қызметкер ретіндегі жалақысының 2 пайыз мөлше­рінде жарна төлейді. Жұмысы тоқ­татылғаны немесе жұмыс іс­темейтіндігі (салық заңнамасы­на сәй­кес) туралы ресми қаулы ғана жеке кәсіпкер ретінде жарна төлеуден босатады. Егер мүге­дектігі бар болса, онда жеке кә­сіпкер жеңілдетілген санатқа ене­ді. Сондай-ақ ол 18 жасқа дейінгі балалар; зейнеткерлер, оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері; “Алтын алқа”, “Күміс алқа”, “Батыр Ана” атағы, I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордені бар көп балалы аналар; мек­теп­терде, лицейлерде, колледждерде, жоғары оқу орындарын­да, магистратурада білім алу­шы­лар санаттарына енетін бол­са, жарна төлемейді. Жалпы “МӘМС туралы” Заңның 26-бабында мемлекет жарна төлейтін 15 санат айқындалған. Олардың қатарында үш жасқа дейінгі ба­ла­ны/балаларды тәрбиелеп отыр­ған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі) бар. Аталған бапта жұмыс істе­мейтіндер ретінде кәсіпкерлік не­месе еңбек қызметін жүзеге асыр­майтын және табысы жоқ адамдар белгіленген.

Соған сәйкес қызметі ресми түрде тоқтатылмаған және жұ­мыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлігі бар декреттегі әйел жеңіл­дікті санатқа енбейді. Сондықтан МӘМС-ке жарна төлеуі тиіс. Ол сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті ресми түрде жабуына немесе тоқтата тұруына болады. Бұл оған жеңілдік санатына енуге мүм­кіндік береді.

Сонымен қатар “егер жеке кли­никаларға жүгі­нетін болсақ, жеке кәсіпкердің МӘМС жарна­ларын төлемеуіне бола ма?” де­ген сұрақтар туын­дайды. Заң жеке кәсіпкерлерді бюджетке тө­ленетін басқа да мін­детті төлем­дермен қатар МӘМС жарнала­рын төлеуге міндет­тейді. Сон­дық­тан жарналарды тө­леуден бас тартуға болмайды.

МӘМС жүйесі жеке клиника­ларда да қызмет көрсетуге мүм­кіндік беретінін еске сала кетейік. Сонымен қатар қазір мемле­кет­тік емханаларда медициналық көмек көрсетудің қолжетім­ділігі мен сапасы айтарлықтай жақ­сар­ды. Көрсеткіштер болған жағ­дайда МӘМС бойынша бейінді мамандардың кеңесі, тал­даулар, консультациялық-диагностикалық қызмет, жос­парлы емдеуге жатқызу қарастырыл­ған. Бұл ретте алатын медици­налық қызметтердің көлемі мен құнында шектеулер жоқ.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp