Адамның денсаулығы мен өмірі – ең басты құндылық. Сондықтан азаматтардың құқықтарын қорғауға басымдық берілген. Облыстық прокуратура осы іспен жүйелі түрде айналысып келеді. Жуырда облыс прокурорлары азаматтардың құқықтарын қорғады. Қадағалау органы өңірдің денсаулық сақтау саласына жүргізілген талдау нәтижесінде қатерлі ісікке шалдыққан азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің өрескел бұзылғанын анықтады.
Медициналық ұйымдар мүгедектікті анықтау үшін осы санаттағы 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. Қадағалау органының актісі бойынша азаматтарға мүгедектік белгіленді. Бұл оларға әлеуметтік қолдаудың барлық құқықтарын пайдалануға және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік берді. Екі лауазымды тұлға заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.