«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.08.2024

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Құрылысшы күні қарсаңында облыстық әкімдікте салтанатты жиын өтті. Шараға қатысқан өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіби мереке иелерін құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Соңғы жылдары өңірімізде құрылыс қарқыны артты. Нәтижесінде пәтер кезегінде тұрғандар мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспаналы болуда. Бұған қоса облыста әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. Аудандарда медицина мекемелері мен спорт кешендері тұрғызылса, Петропавлда жаңадан “Бірлік” шағынауданы …

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ Read More »

КҮТІМДІ ЕГІН БІТІМДІ

Аққайың ауданындағы Шағалалы ауылында алдағы егін жинау науқаны қарсаңында “Дала күні” өтті. Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, аудан әкімдері, ғылыми қоғамдастық мүшелері, ауыл шаруашылығы кеңесі, серіктестік басшылары, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының өкілдері, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер қатысты. Мемлекет басшысы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемін 2 есеге …

КҮТІМДІ ЕГІН БІТІМДІ Read More »

ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ…

Қалалық жастар ресурстық орталығының еріктілері “Ман­сап” ұйымының мамандары­мен бірлесіп, бос орындар жәр­меңкесін өткізді. Шараға жұмыс­сыз жүрген жүзге тарта жас келді. – Оқуын аяқтаған, қолына дипломын алған жастар көп жағ­дайда жұмыссыз қалады. Бүгінгі жәрмеңке – тұрақты та­быс көзін табуға жақсы мүм­кіндік, – деді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин. Жастарды жұмыспен қамтуда мемлекет тарапынан да …

ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ… Read More »

Аға буын адалдық жағында

“Ел боламын десең бесі­гіңді түзе” деген хал­қы­мыздың даналығының астарында бүтін бір мемле­кеттің болашағы жатыр. Ұрпағын тәй-тәй басқаннан адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиелейтін бабалар тәлімі бүгінде “Адал азамат” жобасының мақсатымен ұштасуда. Осы бағытта Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ақсақалдар кеңесі ауқымды жұмыс ат­қарып жатыр. Бұл жайында Дос­тық үйінде өткен “дөңгелек үстел” басында айтылды. Басқосуға тәртіп сақшылары, ассамблея өкілдері …

Аға буын адалдық жағында Read More »

Грант иегерлері

М.Қозыбаев атындағы СҚУ мамандары құжат қабылдап жа­тыр. Биыл жергілікті білім ор­дасына 1150 талапкер грант­­қа түскен. 500 грант Аризона уни­верситетімен бірлесе қол­ға алынған бағдар­ламаларға бөлі­ніп отыр. Бұл былтырғы жыл­ға қарағанда әл­деқайда көп. М.Қозыбаев атындағы СҚУ қа­былдау департаментінің директоры Гүлмира Оспанованың айтуын­ша, педагогикалық мамандық­тар­ға 200 грант бөлініпті. Жетім балалар мен мүгедектер де назарсыз қал­маған. Грантқа түсе алмаған …

Грант иегерлері Read More »

Мас жүргізуші – қауіпті

Облыста полицейлер “Мас жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Екі күн ішінде 617 құқық бұзушылық анықталып, 18 мас жүргізуші ұсталды. Тексеріс барысында На­бережная көшесінде скутер жүргізушісінің қылығы күдік ту­ғызған. Оны тәртіп сақшылары тоқтатқан кезде 44 жастағы аза­маттың көлік құралын бас­қаруға құқығы жоқ екені және ащы судан ұрттағаны белгілі бол­­ды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігі бойынша …

Мас жүргізуші – қауіпті Read More »

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДЫҢ ӨЗІ – ЖЕҢІС

Париж Олимпиадасының қа­тысушысы, солтүстікқазақ­стан­дық велошабандоз Алексей Лу­ценко туған жеріне оралып, жан­күйерлерімен қауышты. Кездесуді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы Петро­павлдағы Спорт сарайында ұйым­дастырды. Төрт жылда бір рет өтетін бай­рақты бәсекеде Алексей Лу­ценко командалық ве­лододада бақ сынады. Жер­лесіміз 272 шақырым жолды 52-ші болып аяқтады. Ол аталмыш қашық­тықты 6 сағат 26 минут ішінде жүріп өтті. – Олимпиадада …

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДЫҢ ӨЗІ – ЖЕҢІС Read More »

Анықтама қолжетімді

Енді қазақстандықтар “eGov Mobile” мобильдік қолданбасы арқылы өз балаларына сотты­лықтың жоқтығы туралы анықта­ма ала алады. Бұл қызмет кәме­летке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қол­жетімді. Пайдаланушылар анықтама форматын электронды немесе апостильмен қағаз түрінде таң­дай алады. Егер сіз апостилмен анықтаманы таңдасаңыз, мемлекеттік корпорация филиалы­ның мекенжайын көрсетуіңіз және мемлекеттік бажды төлеуіңіз керек. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама …

Анықтама қолжетімді Read More »

Мәртебелі мамандық

Қыстың суығына, жаздың ыс­ты­ғына қарамай тер төгетін құ­рылысшылар қашан да құрметке лайық. Әсіресе, биылғы көктемгі су тасқынынан кейін құрылыс жұ­мысы қызып, осы саланың ма­мандарына сұраныс күрт артты. Баспана салуға да, оларды жөн­деуге де білікті мамандар жер-жерден тартылды. Об­лыс орталығы мен аудандарда­ғы баспаналарды жөндеуге “СК Евростой” ЖШС да кіріскен. Бү­гінге дейін бірнеше баспананы қалпына келтіріп, иелеріне …

Мәртебелі мамандық Read More »

АБЫРОЙ БИІГІНДЕ

Кезінде заңғар жазушы Ғабиден Мұстафин “Жасында көр­ге­ні жоқтың, өскенде айтары да жоқ”, – деген екен. Еңбекпен есейіп, егемендікпен еңсе тіктеп, жауапты қызметте де абырой биігінен аласармай, осы күнге кісілік пен кішіліктің қалпын бұзбай жеткен Амангелді Балмұқановтың жастарға айтары аз емес. Кейінгі ұрпаққа жөн сілтеп, ақылшы болып отырған абыз ақсақалдың мәнді де мағыналы ғұмыры өнегеге толы. …

АБЫРОЙ БИІГІНДЕ Read More »

Мыңмен жалғыз алысқан

ХІХ ғасырдың тарихи-әлеуметтік жағдайы қазақтың өмір сүру деңгейінің көрінісі еді. Дәуір тарихы бұл ғасырда қазақ дала­сына қоңыраудың сылдырын ал­ғаш болып естірткен ағартушы, пе­дагог, ақын, гуманист Ыбырай Алтынсаринді, белгілі саяхатшы, этнограф-ғалым Шоқан Уәлиха­новты, философ, ақын, аудар­машы Абай Құнанбайұлын тарту етті. Қазақ даласын әнімен әлди­леген сал-серілерді сыйлады. Олар қазақтың маң­дайына біткен шоқ жұлдыздары еді. Әрқайсысы дарқан даланың …

Мыңмен жалғыз алысқан Read More »