«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аға буын адалдық жағында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ел боламын десең бесі­гіңді түзе” деген хал­қы­мыздың даналығының астарында бүтін бір мемле­кеттің болашағы жатыр. Ұрпағын тәй-тәй басқаннан адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиелейтін бабалар тәлімі бүгінде “Адал азамат” жобасының мақсатымен ұштасуда.

Осы бағытта Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ақсақалдар кеңесі ауқымды жұмыс ат­қарып жатыр. Бұл жайында Дос­тық үйінде өткен “дөңгелек үстел” басында айтылды.

Басқосуға тәртіп сақшылары, ассамблея өкілдері және қоғам белсенділері қатысты. Жиында түрлі мәселелер жайлы сөз қозғалып, алдағы жартыжылдыққа жұмыс жоспары бекітілді.

– “Адал азамат” жобасы қо­ғамда бірлік пен тұрақтылық, әділдік пен ынтымақтастық, заң мен тәртіп және сенім мен жауапкершілік құндылықтарына негізделген жаңа этиканы одан әрі қалыптастыруға бағытталған. Біз осыны іске асыру үшін түрлі шаралар ұйымдастырып жатыр­мыз. Аудандарға да жиі барып, тұрғындармен кездесулер өткіземіз, – деді Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

Жиынға тәртіп сақшылары­ның қатысуы бекер емес. Себебі қоғам мүшелерімен әрқашан бай­ланыста болатын олар өзгелерге адалды­ғы­мен үлгі болуы тиіс. Алдағы уа­қытта да ақсақалдар кеңесінің мүшелері түрлі ұйымдарды аралап, адал азамат ұғымы жайында кездесулерді жалғастырмақ.

Нұрасыл АХМЕТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp