«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Грант иегерлері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы СҚУ мамандары құжат қабылдап жа­тыр. Биыл жергілікті білім ор­дасына 1150 талапкер грант­­қа түскен. 500 грант Аризона уни­верситетімен бірлесе қол­ға алынған бағдар­ламаларға бөлі­ніп отыр. Бұл былтырғы жыл­ға қарағанда әл­деқайда көп.

М.Қозыбаев атындағы СҚУ қа­былдау департаментінің директоры Гүлмира Оспанованың айтуын­ша, педагогикалық мамандық­тар­ға 200 грант бөлініпті. Жетім балалар мен мүгедектер де назарсыз қал­маған.

Грантқа түсе алмаған талап­керлердің де тегін оқуға мүмкін­ші­ліктері бар. Себебі, биылғы жылы облыс әкімі мен Freedom банкі атынан 70 грант бөлінген. Ал өзде­рін грант тізімінен таба алмаған түлектер тамыз айының 25-іне дейін ақылы бөлімге құжат­тарын тапсыра алады. Білім орда­сында жатақхана мәселесі де ше­шімін тапқан. Биыл 3 жатақхана қол­данысқа берілмек.

Жергілікті университетті таңдап, жаңа өмірге нық қадам бас­қандардың бірі – Айдана Омарова Астана қаласынан келген. Жігерлі жас білім ордасында “Биотехно­логия” мамандығына оқитын болады. Ол М.Қозыбаев университе­тін қос дипломдық бағдарлама үшін таңдағанын жасырмады.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp