«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қалалық жастар ресурстық орталығының еріктілері “Ман­сап” ұйымының мамандары­мен бірлесіп, бос орындар жәр­меңкесін өткізді. Шараға жұмыс­сыз жүрген жүзге тарта жас келді.

– Оқуын аяқтаған, қолына дипломын алған жастар көп жағ­дайда жұмыссыз қалады. Бүгінгі жәрмеңке – тұрақты та­быс көзін табуға жақсы мүм­кіндік, – деді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.

Жастарды жұмыспен қамтуда мемлекет тарапынан да қолдау шаралары қарастырыл­ған. “Жасыл ел”, “Жастар тә­жірибесі”, “Бірінші жұ­мыс орны” және “Ұрпақтар келісім­шарты” сынды жобалар – со­ның дәлелі. Мамандардың ай­туынша, бұндай бастамалар – өмірден өз орнын тапқысы кел­ген жастарға бағыт-бағдар бе­руде таптырмас құрал.

– “Жасыл ел” – 14 пен 35 жас­тағы жандар үшін қолайлы бағдарлама. Еңбек етеді, нәпақа табады, тәжірибе жинайды. Дегенмен өзіме ыңғайлы, табы­сы мол жұмысқа орналасқым келеді. Жұмыс ұсынып отырған мамандармен сөйлестім, сұ­рақ­тарыма жауап алдым, – деді “Жасыл ел” жасағының мүшесі Николай Языков. Қазір ол студент болса да, жазғы дема­лыс­ты бос өткізбей, “Жасыл ел” жасағында еңбек етіп жүр.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp