«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮТІМДІ ЕГІН БІТІМДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аққайың ауданындағы Шағалалы ауылында алдағы егін жинау науқаны қарсаңында “Дала күні” өтті. Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, аудан әкімдері, ғылыми қоғамдастық мүшелері, ауыл шаруашылығы кеңесі, серіктестік басшылары, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының өкілдері, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер қатысты.

Мемлекет басшысы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемін 2 есеге арттыру міндетін қойды. Оны орындау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Егістік әртараптандырылып, майлы дақылдар мен жасымық, қарақұмық, картоп сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдар алқабы ұлғайтылды. Топырақ құнарлығын арттыру мақсатында 257 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көп. Сондай-ақ тұқымды жаңарту, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңғырту жүргізілуде.

Заманауи ауыл ша­руашылығы техникаларының көр­месі ұйымдас­тырылды. Мемлекет тарапынан ша­руаларға қажетті кө­мек көрсетілуде. Биыл ауыл ша­руашылығын субсидиялауға 60 мил­лиард теңгеден ас­там қаржы бөлінді. Аграрлық салаға жаңа тех­нологиялар ен­гізілуде. Дала күні қатысушыларына бидай тұқымын өсіретін питомниктер, тұқымдардың сипаттамалары және себу мерзімі таныстырылды. Біздің өңірдің ерекшеліктеріне сай “Семеновна” жаңа бидай сорты шығарылды.

“Әрбір ауыл шаруашылығы жы­лы­ның өзіндік ерекшеліктері бар, осыған байланысты егін жинау нау­қанында ғалымдардың ғылыми әзір­­лемелері мен ұсыныстарын қолдану мәселелері өзекті болып қала береді. Пленарлық отырыс ба­рысында ғалымдар мен мамандар орақты оңтайлы мерзімде өткізудің ғылыми ұсыныстарын айтты. Диқан­­дар биыл ауа райының күр­делі екенін ескеруі қажет, егін­ді қысқа мерзімде және аз шы­ғынмен жинауға барынша дайындық қажет”, – деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp