Облыс аудандарында полицейлер, экологтар мен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің мамандарынан құрылған 77 мобильді топ заңсыз қоқыс тастайтын 94 орындарды анықтады.
Арнайы рейдтік шара барысында ең көп қоқыс шоғырланған орындардың 36-сы Қызылжар, 19-ы Мамлют және 14-і Аққайың аудандарында орналасқаны белгілі болды. Сондай-ақ 8-і Петропавл аумағында тіркелді. Қазіргі уақытта облыс аумағында 31 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды.
– Қазірдің өзінде 800-ден астам рейдтік іс-шара өткіздік. Сондай-ақ акция барысында 5814 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 964-і – жалпы пайдаланудағы жерлерді ластау, ал 4850-і абаттандыру ережелерін бұзу фактілері болып табылады, – дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.