«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты шара өтті. Онда Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғыны Данияр Ахметжанов департамент бастығының Алғыс хатымен марапатталды.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 тамыз күні түнде Данияр Ахметжанов коммуналдық базардың жанынан өтіп бара жатқанда бірінші қабаттың терезесінен түтін шыққанын көреді. Бірден 101 нөмірін теріп, өртсөндірушілердің келуін күтеді.

“Солтүстік ӘКК” акционерлік қоғамы коммуналдық базарының ғимаратына бірнеше минутта өртсөндірушілер де жетеді. Бұл сәтте бірінші қабатта орналасқан дәмханадағы өрт күшейіп, жақын орналасқан бөлмелерге таралу қаупі туындаған. Данияр өртсөндірушілерді қарсы алып, көргенін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Тіпті оларға көмектесуге ниет білдіреді.

“Даниярдың әрекетін ерлікке балауға болады. Бұл жағдайда әр минут алтыннан қымбат дер едім. Егер өрт одан әрі күшейіп, 3 қабатты ғимаратты түгел шарпыса, жағдай күрделенер еді. Ғимараттың иелері мен жалға алушыларды миллиондаған шығынға батыратын өртті сағаттап сөндіруге тура келер еді. Даниярға жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымы үшін, ұлын лайықты тәрбиелегені үшін ата-анасына да алғысымыз шексіз. Бұл – біздің жастарымыз үшін нағыз үлгі боларлық жайт”, – деп түйіндеді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp