«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ташкентті тамсантты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өзбекстанның астанасы – Ташкентте халықаралық өнер байқауы өтті. Хореографиялық, вокалдық және аспаптық өнер көрсететін додаға әлемнің бірнеше мемлекетінен жас талапкерлер қатысты.

Халықаралық байқауда өңіріміздің намысын қорғаған Жамбыл ауданындағы өнер мектебінің “Нұр шашу” домбыра ансамблі гран-приді қанжығасына байлап қайтты.

–Байқауға қатысқан ұжымдардың барлығы мықты. Осалы болмады. Сондықтан да бас жүлде алу оңайға түспеді. Қуанышымызбен бөлісіп, айқара құшақ ашып қарсы алған ата-аналарды көргенде төбем көкке жеткендей болды, – дейді ансамбль жетекшісі Күлбара Асанбаева.

Өнерпаздарға Түркия елінде қазан айында өтетін халықаралық байқауға қатысуға жолдама берген. Бұл сапарда “Нұр шашу” ансамблінің жол шығынын өнерлі өрендердің ата-аналары көтерген екен. Алдағы байқауда да облыс намысын қорғайтын ұжымға білім, мәдениет басқармалары демеушілік көрсететін меценат тапса, нұр үстіне нұр болар еді.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp