«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРТЫҚ СОМАНЫ ҚАЙДА ЖҰМСАҒАН ТИІМДІ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде былтыр шамамен 2,6 мың адам зейнетақы қорын­дағы жинақтың шекті сомадан ас­қан бөлігін пайдаланбақ болды. Олардың 1,7 мыңы 9 млрд. 147 млн. соманы баспана алуға жұм­сау үшін өтініш берген.

Елімізде 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағының шекті со­мадан асқан бөлігін мақсатты түр­де жұмсауға, яғни баспана алуға немесе ипотекалық не­сие­ні жабуға, емделуге және инвес­тициялауға рұқсат берілген. “Бі­рыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ облыстық филиалы бас­пасөз қызметінің мәліметінше, был­тыр 1731 адамнан 9 147 млн. теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жұмсауға 2 895 өтініш түскен. Оның ішінде 1590 адам­ның 3275 млн. теңге сомасына өті­ніші орындалды. Бірақ 510 адам­ның 896 млн. теңгесі қорға қайтарылған.

Биыл жарты жылда жинақта­ғы артылған соманы баспана алу­ға жұмсауға 824 адамнан 1505 өтініш түскен, жалпы сома – 2037 млн. теңге. Бірақ 246 адам­ның өтініші бойынша 385 млн. теңге қордағы жеке есеп­шот­тарына қайтарылды.

Өңір тұрғындары зейнетақы жинағының бір бөлігін емге жұм­саған. Мәселен, былтыр 815 адам өтініш білдірсе, биыл 341 адам жинақтағы артылған сома­ны еміне жұмсамақ болды.

Былтыр зейнетақы жинағы­ның шекті сомадан асқан бөлігін жеке басқарушы компанияларға басқаруға беруге 85 адам өтініш білдірген. Осылайша 108 млн. теңгесін инвестицияламақ бол­ған. Олардың 82-сінің өтініші ма­құлданды. Биыл 148 млн. тең­ге­сін 98 адам компаниялардың бас­қаруына бергісі келсе, солардың 96-сының өтініші оң шешілді. Бір адамның 7 млн. теңгесі өз өтініші бойынша қордағы жеке есепшо­тына қайтарылды.

“Қазіргі уақытта “БЖЗҚ” АҚ бес жеке басқарушы компания­мен зейнетақы активтерін сенім­герлік басқару туралы шартқа отыр­ған. Олар – “Jusan Invest” АҚ, “Halyk Global Markets” АҚ, “BCC Invest” АҚ, “Сентрас Секьюритиз” АҚ және “Halyk Finance” АҚ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp