АҒА ТӘЛІМІ
Есімде, 2001 жылдың шілдесі болатын. Сол жазда қала жанында орналасқан орыс-қазағы аралас Прибрежное ауылына көшіп келдік. Оған балаларымыздың қалада тұруы, осы жерде білім алуы себеп болды. Көшіп келгеннен кейін жұмыс іздеп, аталған елді мекендегі орта мектепке бардым. Мектеп директоры елу бестер шамасындағы қазақтың азаматы екен. Өзін Айтбай Сіргебайұлы Бисары деп таныстырды. Бұрын естуім бар және …