«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖӨНДЕУ ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тимирязев ауданының жолдары қалыпқа келтіріліп жатыр. Бүгіндері Есіл ауылында ұзындығы 19 шақы­рымды құрайтын жолға қиыршық тас төселіп, Дружба және Целинное елді мекендерінде жұмыс қызған.

Тимирязев ауданына қа­расты Есіл ауылының кіреберіс жолы жылдар бойы жөндеу көрмеген. Әбден тозығы жеткен жолды ретке келтіруге биыл 258 млн. теңге бөлініп, қиыршық тас төселді.

Тимирязев ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Болат Абд­рахиевтің айтуынша, қазіргі уа­қытта аудандық маңызы бар Октябрь – Есіл – Ақсуат тас жо­лының жөндеу жұмыстары аяқ­талды. Аталмыш шаруамен “Сотис-Групп” компаниясы айна­лысса, техникалық жағынан “Нұралем-Құрылыс” жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігі қада­ғалап отырды.

– Дружба ауылына апарар жол соңғы рет 2019 жылы жөнделді. Аталмыш учаскеге 13 адам мен 11 техника жұмылды­рылған. Қазіргі уақыт­та 2 шақырымға асфальт жа­мылғысы төселді. Келісімшарт бойынша жоба құны 268 млн. теңгені құ­райды. Мердігер компания жұ­мысты қыркүйек айының со­ңында аяқтамақ, – дейді Болат Абдрахиев.

Ұлан ЫДЫРЫС.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp