«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЗАМАН ҰСТАЗДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі білім беру стандарттары мен талаптарына сәйкес білім мен дағдыларды жаңартудың маңыздылығы күннен күнге артуда. Педагогтар қауымы үшін оқытудың тиімділігін арттыру әдістері, оның ішінде инновациялық тәсілдер мен технологияларды оқыту тәжірибелеріне енгізу мәселелері – өзекті тақырыптың бірі.

Қазіргі әлемде қалыптан тыс ойлап, шығармашылық шешім қабылдай алатын креативті тұлғалар қажет. Білім беру жүйесі осындай тұлғаларды шығаруға зор ықпал етеді.

Оқу-тәрбие үрдісіндегі басты тұлға – педагог. Мектепте басталған реформалардың табысты болуы көп жағдайда оның кәсіби дайындығына, ішкі сеніміне байланысты. XXI ғасырдағы білім беру жүйесі мұғалімдердің бірлесіп жұмыс істеуі, жаңашыл және тиімді идеялармен алмасуы, сол арқылы тәжірибеде қолданылатын оқыту мен оқу тәсілдері мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты арттыруды көздейді.

Қазіргі уақытта әрбір педагог “Балаларды қалай оқыту, оқушыларды білім алуға қалай ынталандыру керек, оқу қиындықтарын қалай жеңуге болады?” деген сұрақтарға жауап іздейді.

Әрбір педагогтен оқыту тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін көшбасшылық қасиеттер, сыни тұрғыдан ойлау және рефлексия жасау қабілетін дамытуға мән беру талап етіледі. Сонымен қатар пәнаралық ынтымақтастық, коучинг пен тәлімгерлік, әлеуметтік және коммуникациялық дағдыларды дамытудың артықшылықтарына назар аудара отырып, оқу үдерісінің сапасы мен оқытудың тиімділігіне тікелей назар аудару маңызды болып табылады.

Жалпы “Өрлеу” “біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты” базасында өткізілетін курстардың маңыздылығы – педагогтың рефлексиялық тәжірибесін күшейту арқылы кәсіби дамуының тиімділігін арттыру тәсілдеріне назар аудару. Сонымен қатар педагогикалық тәжірибені терең талдау және білім беру нәтижелерін жақсарту да айрықша маңызға ие. Рефлексияны енгізудің негізгі әдістері, соның ішінде тұрақты рефлексия сессиялары, өзін-өзі бағалау және кері байланысты пайдалану, практикалық тәжірибені талқылау және сыни ойлауды дамыту жолдары қарастырылады. Заманауи талаптар мен білім беру стандарттарына сай кәсіби білімді жаңарту, жаңа педагогикалық әдістер мен технологияларды меңгеру, оқытудың тиімділігін арттыруда сыныпты басқару, білім алушыларды ынталандыру үшін тиімді стратегияларды іске асыру көзделеді.

Мұғалімдер арасындағы кәсіби өзара әрекеттестік әртүрлі тәсілдермен ұйымдастырылуы мүмкін, сол арқылы мектептің мәдениетін дамытады. Бірақ осы тәсілге қарамастан балаларға екпін беру (олардың қалай оқитыны, мұғалімнің іс-әрекетіне байланысты мінез-құлқында қандай өзгерістер болатыны), тиімді педагогикалық технологияларды үнемі іздестіру, мектептегі өзгерістерді қолдау атмосферасын құру, мұғалімдердің іс-тәжірибесін үнемі бақылап отыруды назарда ұстау сынды маңызды тармақтарды естен шығармау қажет.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытуда білім беру бағдарламасының мазмұнына сыни тұрғыдан ойлау және талдау, соның ішінде өзінің педагогикалық тәжірибесіне және оқу-тәрбие үдерісіне сыни тұрғыдан талдау жасау қабілетін дамытуға екпін қойылуда. Оқыту әдістерін үздіксіз жетілдіру үшін рефлексиялық тәжірибелерді енгізу және курстар барысында мәселелерді бірлесіп шешу және жаңа тәжірибелерді енгізу үшін басқа мектептер мен оқу орындарының әріптестерімен ынтымақтастық, тәлімгерлік дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылуда. Нәтижесінде әрбір тыңдаушы курс соңында оқушылармен, ата-аналармен, әріптестермен қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді. Оқыту үрдісіне тәжірибелік жаттығулар мен өмірден алынған мысалдарды енгізуді және тренингтер, шеберлік сабақтары және топтық жұмыс сияқты оқытудың интерактивті түрлерін қолдануды үйренеді.

Мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету үшін олармен ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, оқыту мен оқу үдерісін тиімді іске асыруға болады.

Гүлзат ӘЛЖАНОВА,

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp