«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН АЙЫППҰЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс прокурорлары мемлекеттік кірістер органда­рының заңсыз салынған айыппұлын сот тәртібімен бұзды. Талдау барысында “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодекстің талапта­рын өрескел бұзу фактілері анықталды.

Мәселен, Уәлиханов ауданы­ның кәсіпкерлік субъектісіне аудан­дық мемлекеттік кірістер басқармасының қаулысымен арнайы есепке қоймай айналымдарды жү­зеге асырғаны үшін “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Ко­декстің 275-бабы 5-бөлігі бойын­ша 36,4 млн. теңге сомасына әкім­шілік айыппұл салынған.

Қадағалау органы аталған қаулыға қатысты аудандық сотқа нара­зылық келтірді, өйткені басқарма қабылдаған шешім кодекс талап­тарын елеулі бұза отырып шы­ғарылған.

Уәлиханов аудандық соты­ның қаулысымен прокуратура­ның наразылығы қанағаттанды­рыл­ды, әкімшілік құқық бұзушы­лық туралы іс жүр­гізуді тоқтата отырып, айыппұл салу туралы шешімнің күші жойылды.

Сот актісі заңды күшіне енді. Нәтижесінде қабылданған қа­дағалау шаралары нәтижесінде жергілікті кә­сіпкердің құқығы қорғалды. Қадағалау органы бизнес субъектілеріне олардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда облыс про­куратурасының қызметкерімен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ арқылы тікелей байланыса алатынын еске салады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp