«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Халықаралық стандарттарға сай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының құрылғанына биыл – 41 жыл. 12 бөлімшеден тұратын емдеу мекемесі 370 орынға шақталған. Соңғы үш жылдың ішінде ұжым 31 жас маманмен толықты. Жалпы бүгінгі таңда мұнда барлығы 600-ден астам медициналық қызметкер еңбек етеді.

Облыстық балалар ауруха­насының қабылдау бөліміне кү­ніне 250-ге жуық адам жүгінеді. Ал ауруханаға 1 күнде 50-70 ба­ла түседі. Қазіргі таңда ста­ционарда 300-ден астам жеткіншек ем алып жатыр.

“Бізде консультативтік-диагностикалық бөлімше бар. Ол жерде күніне 250 балаға дейін қа­былдаймыз. Қайта оңалту бөлім­шесі де 125 балаға шақталған. Бірақ күніне 100-ге жуық өңір тұрғыны жүгінеді және бір күнде 15-тен 20-ға дейін компьютерлік томография жасаймыз”, – дейді облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры Нұр­лан Айманов.

Облыстық балалар ауруха­насына 2022 жылы магнитті-резонансты томография аппараты орнатылған. Оның көмегімен бір күнде 20 зерттеу жүргізіледі. Жал­пы былтыр – 1800, ал биыл жыл басынан бері 2100 бала тек­серістен өткен.

“Травматалогиялық пунктте қыз­мет көрсетуді екі есеге ұл­ғайттық. Бейнемониторинг бар, бұл қызмет жақсы дамыған. Жыл басынан бері 749 бейне­мониторинг жүргіздік. Биыл об­лыс әкімінің қолдауының арқа­сында жансақтау бөлімінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда бө­лімше барлық халықаралық стан­дарттарға сай”, – дейді Нұр­лан Айманов.

Жансақтау бөліміне жылына мыңға жуық бала түседі. Айта кетейік, облыста бала өлімі де­регі 41-ден 20 пайызға дейін азайған.

Аснурия Абдулла.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp