«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Экономикадағы патриотизм қағидаты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі көтерілді. Осы ретте мемлекеттік сатып алу саласын реттеу, фармацевтика саласын дамыту бағытында бірқатар міндет белгіленді.

Отандық тауарларға басымдық беріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жер қойнауын пайда­ланушылардың, квазимемле­кеттік жəне мемлекеттік сектор­дың сатып алу саласындағы жергілікті өнімдер мен қызмет­тердің үлесін 60 пайызға жеткізу туралы тапсырмасы бойынша Үкі­мет жүйелі жұмыс жүргізіп ке­леді. Бүгінде бірқатар салада оң нəтиже байқалады. Бұл ретте импорттың тұрақты түрде қысқа­рып келе жатқанын жəне өндіріс көлемінің артуын атап өтуге бо­лады. Мəселен, өңдеу өнеркəсі­бінде əкелінетін өнім көрсеткіші 7 пайызға төмендесе, отандық өндіріс көлемі 4 пайызға артты. Машина жасауда, металл бұйым­дарын, қағаз өнімдерін өн­діруде сыртқы жеткізілімдерге тəуелділік төмендеді. “Қазір эко­номикасы қарқынды дамыған көптеген мемлекет ішкі нарықты қол­дау жəне қорғау саясатын белсенді жүргізіп жатыр. Халық­аралық валюта қоры мұндай қор­ғау шараларының жартысына жуығы Қытай, Еуропалық Одақ жəне АҚШ экономикаларына тие­сілі екенін атап көрсетті. Қа­зақстан əлемдік тəжірибені ес­керіп, импорттық тауарлардың үлесін төмендетуге жəне өз өн­дірушілерін қолдау шараларына кеңінен басымдық беріп отыр. Үкімет экономикалық патрио­тизм қағидатын қатаң ұстанады. Біз қашанда отандық өндірушіні қолдаймыз. Бұл – əрбір əкімнің, əрбір салалық министрдің мін­деті. Ол тек сөз жүзінде емес, нақ­ты іс жүзінде орындалуға тиіс”, – деп атап өтті Олжас Бек­тенов.

Ішкі нарықты қолдау жөнін­дегі шаралар заңнамалық дең­гейде бекітіледі. Президент са­тып алу рəсімдерін жүргізу кезін­дегі талаптарды қатаңдататын “Мемлекеттік сатып алу туралы” жаңа Заңға қол қойды. Бұл ретте бүгінде сатып алу сапасын ба­қы­лауды одан əрі күшейтуді көз­дейтін түзетулер Мəжіліске енгі­зілді. Өзгерістер жаңа тетік – отан­дық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін енгізуді көз­дейді. Бұған өнім шығарып отырған, өндірістік қуаты жетер­лік, одан əрі дамуға əлеуетті, жос­пары нақты кəсіпорындар кі­реді. Бұл платформаны құрудың негізгі мақсаты – еліміздің негізгі өндірістерін жүйелеу жəне отан­дық бизнесті қорғау. Тізілімге ен­ген кəсіпорындар мемлекеттік қолдау шараларын басым тəр­тіппен алады. Оларға өндірісті жаңғырту, бəсекеге қабілет­тілікті арттыру, жалақыны өсіру бойынша қарсы міндеттемелер қойылады. Компаниялардың қызметін бақылау онлайн ре­жімде цифрлық скрининг негізін­де жүзеге асырылады. Бұл сы­байлас жемқорлық тəуекелде­рін азайтуға мүмкіндік береді.

Мониторинг салық жəне ке­ден қызметтері, еңбек инспекция­лары жəне басқа да ве­домстволар тарапынан жүргізі­леді. Отандық тауар өндіруші­лерді қолдау шаралары туралы Өнеркəсіп жəне құрылыс ми­нистрі Қанат Шарлапаев баян­дады. Оның айтуынша, отандық тауар өндірушілерге қолдау көр­сету аясында жеңіл өнеркəсіп, машина жасау, химия, метал­лур­гия салаларындағы жəне қа­ғаз, жиһаз, құрылыс материал­дарының 4201 тауарына мемле­кеттік сатып алуда басымдық бе­ріліп отыр. Бүгінде аталған тауарлар бойынша отандық өндірушілерімен жасалған келісім­шарттар саны 1,4 есеге өсіп, 106 млрд. теңгені құрады. Ең үлкен өсім химия, машина жасау, же­ңіл өнеркəсіп, қағаз өнімдері бойынша байқалды. “Шағын жəне орта кəсіпорындарды қол­дау шаралары өз тиімділігін көрсетті. “Мəселен, Петропавлдағы “Радуга” кəсіпорны қағаз өнім­дері бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысу есебінен 1 млрд. теңгеге өнім шығарып, 100 пайызға жүктелді. Сондай-ақ Павлодардағы “Лакра” кə­сіпорны лак-бояу өндірісі көле­мін 27 пайызға, Алматыдағы “Marschall” тұрмыстық химия өндірісін 15 пайызға ұлғайтты. Астанада осы сəуірде өнім шы­ғаруды бастаған “Metal Former” кəсіпорны “Жайлы мектеп” жо­ба­сы шеңберінде 100 пайызға жүктеліп, төрт айда 3,6 млрд. теңгеге өнім шығарды”, – деді Қа­нат Шарлапаев.

Үкімет басшысы мемлекеттік сатып алуды реттеу мəселе­сінде бірқатар міндет қойды. Өзекті мəселелердің бірі – отандық тауарлар каталогтерінің қай­та­лануы. Бұл өнімді импорттауға жəне одан əрі оны отандық тауар ретінде сатуға мүмкіндік бе­реді. Премьер-министр Қар­жы министрлігіне Сауда жəне интеграция министрлігімен жəне басқа да мүдделі мемле­кеттік органдармен бірге сарап­тап, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің артық ката­лог­терін жоюды тапсырды. “Сон­дай-ақ Өнеркəсіп жəне құрылыс министрлігі мемлекеттік органдармен жəне ұйымдармен бірлесіп, отандық шикізат пен ма­териалдарды пайдалану бойын­ша ірі мердігер компаниялардың міндеттемелеріне монито­ринг жүргізудің пəрменді тетігін əзірлеуге тиіс. Қазақстандық өнім­дер бола тұра, импорттық тауарларды сатып алу жалғасып келеді, мұны доғару керек”, – деді Олжас Бектенов.

Фармацевтика өндірісі 14,5 пайызға ұлғайды

Сонымен қатар жиында фар­ма­цевтика саласын дамыту жəне отандық өндірушілерді қол­дау бойынша бірқатар міндет белгіленді. Осы орайда Денсау­лық сақтау министрі Ақмарал Əлназарова отандық фарма­цевтикалық өнім өндірушілерді қолдау бойынша қабылданып жат­қан шаралар туралы айтып берді. Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта елімізде отан­дық фармацевтикалық өндіріс кө­лемі 95 млрд. теңгені құрап, өт­кен жылмен салыстырғанда өсім көрсеткіші 14,5 пайызға арт­ты. Бүгінгі таңда 4 мыңға жуық фармацевтикалық өнім жеткізу бойынша 35 отандық өндіруші­нің қатысуымен ұзақмерзімді 94 шарт жасалды. Жыл соңына дейін өзге 24 отандық өндіруші­мен ұзақ мерзімді шарт жасау арқылы 1412 дəрілік зат пен ме­дициналық бұйымдардың жеткі­зілуі қарастырылып отыр. Алда­ғы 3 жылдың ішінде жасал­ған ұзақмерзімді шарттарда белгі­ленген көлемге кезең-кезеңі­мен шығу жоспарланып отыр.

Үкімет басшысы еліміздің дə­рілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін фармацевтика сала­сын тұрақты əрі сапалы дамытудың маңызын атап өтті. “Осы жылдың бірінші жартыжылды­ғында еліміздің фармацевтика өндірісі 14,5 пайызға ұлғайды. Алайда саладағы əлеует бұдан əлдеқайда жоғары. Денсаулық сақтау министрлігіне осы көрсеткішті жыл соңына қарай одан əрі ұлғайтып, шығарылатын препараттардың көлемі мен тіз­бесін кеңейту жұмысын жүргі­зуді тапсырамын”, – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Премьер-министр медициналық ұйымдарды электрондық форматқа көшіру арқылы фармацевтика өнімін са­тып алудың ашықтығын қамта­масыз ету қажеттігін атап өтті. Өз өндірушілерімізді қолдауға тиіспіз Үкімет отырысы барысында Олжас Бектенов мұнай-газ саласындағы мемлекеттік са­тып алу саласын реттеу жөнінде тапсырма берді. Аталған сала­дағы атқарылған жұмыстар жө­нінде Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов біршама де­рек келтірді.

Вице-министрдің айтуынша, бірінші жартыжылдықта көмір­су­тек шикізаты мен уранды пай­даланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қыз­меттерді сатып алудың жалпы көлеміндегі елішілік құндылық үлесінің (2,8 трлн. теңге) орташа салалық көрсеткішінің өсуі бай­қалады. Бұл 61,6 пайызды, яғни 1,7 трлн. теңгені құрады. Осы көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен (57,3 пайыз) салыс­тырғанда 4 пайызға жо­ғары.

Биыл 10-12 шілде аралы­ғында отандық тауар өндіруші­лер хабардар болуы үшін Аты­рау қаласында сатып алынатын мұнай-газ жабдықтары бойын­ша 3 ірі жобаның Ашық есік күн­дері өткізілді. Аталған іс-шараға отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды жеткізушілердің 300-ден аса өкілі қатысты. “Қа­зіргі кезде ірі мұнай-газ жобала­рының негізгі жер қойнауын пайдаланушылары отандық тауар өндірушілермен 240 млн. дол­ларға келісімшарттарға қол қой­ды. Бұл жұмысты жалғастыру ке­рек. Сондай-ақ мұнай-газ өнеркəсібі үшін өндірістің жаңа түр­ле­рін игеру бойынша 65 мемо­рандум бекітілді. Оларды қазір­ден бастап офтейк-келісімшарттарға трансформациялау қажет”, – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне қыркүйек айының соңына дейін ірі мұнай-газ ком­паниялары мен отандық өндіру­шілер арасында 5 жылдан аса­тын ұзақ мерзімді келісімшарттардың кепілді жасалуын қам­тамасыз ете отырып, тиісті жұмыс жүргізуді тапсырды.

(“Egemen Qazaqstan”,

14 тамыз 2024 жыл).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp