«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕККЕДЕ ҚОНАҚҮЙ САЛДЫРҒАН АҢДАМАС ҚАЖЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақтардың Меккеге кажы­лық­қа барғанда түсетін үй жайы – тәкия туралы белгілі жазушы Дүкенбай Досжан “Абай ай­насы” кі­табында мынадай та­ри­хи де­рек­терді келтіреді: “1874 жылы хажыға барға­нында ха­жы­лары түсетұғын Мек­кеде бір тәкия яғни үй сатып алып құ­дайы қылып еді. Осы күнде кіші тәкия деп атайды. Кіші жүзден бір Сұлтан деген бек ға­лым жігіт ие болып тұр. Басында хажы марқұмның қойған күтушісі Қантпай сопы еді. Ол кісі өлген соң, кемпір қатыны бір жиен қы­зын асырап тұрған кезде осы Сұлтан кез болып, кемпір соған жиен қызын беріп, тәкияға Сұл­танды ие қылыпты. Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылға қарай хажыға барғанда тәкияны көр­дім. Менен бұрын хажылар кіріп қалған екен. Оларды ренжітпей пәтер алып түстім. Бірақ Сұлтан айтты: бұл тәкия осы күнде кіші жүз Досжан хажының атына жа­зулы екен. Не себеп екенін біл­медім деді. Соны 31 жыл болған ескі дәптерден қаратып білмек­ші болып, дәлелге барып ертең шәрифке барғалы тұрғанымда Алланың тағдыры қатты науқас­тандым. Жазылар жазылмаста кіші дәлдалымыз Ибрагим Мәлуанн деген кафила жүріп ба­рады деп, түнде хабар қылып жү­ріп кеттім. Хажы марқұм тәкия­ны мен бастап алсам да, кіші жүз хажылары көп ақша беріп еді. Сол себептен бе, яки құдайы қылғанда Досжан хажы атына қалдырған ба – біле ал­мадым. Хажы марқұмнан кейін біздің топ­тан хажының туысқа­ны, Якуб­тың (Жақып болуы ке­рек. – Д.Д.) баласы Ақберді мар­құм барып Меккеде өтіп еді. Сол жолы құ­дай тағала нәсіп қылып қабіріне зиярат қылдым”.

Жоғарыдағы әңгімедегі “хажы марқұм тәкияны мен бас­тап алсам да, кіші жүз хажыла­ры көп ақша берді деп еді”, – де­ген сөйлемге айрықша назар ау­дар­ған жөн. Шәкәрім шежіресін­де, одан жәдитше жазулы қазір­гі ки­ри­ллицаға түсіргенде стиль­дік селкеуліктер кеткен. Ол сөйлем­ді былайша оқып түсінген ләзім: “хажы марқұм, яғни марқұм Құ­нанбай айтып отыратыны есім­де қалыпты, ол кісі айтушы еді: тәкия жайды мен бастап сал­ғызсам да, кіші жүз хажылары жерге, кұрылыс жабдығына көп ақша өткізіп күш жұмсап еді” – бо­лып оқылуы қажет. Құнанбай­дың әлгі тәкия жайды қалай сал­ғызғаны, кім­дер қол ұшын бер­гені, қандай қиыншылықтар көр­ге­ні туралы басқа деректер тап­қан едік. Сол деректерге жүгінсек әңгіменің түп төркіні, оқиға­ның нағыз шын­дығы ашылып шыға береді. Құ­нан­бай қасына аса жі­герлі өжет мінез Ізғұттыны ілес­тіріп, 1870 жылы Меккеге сапар шегеді. Жолда ат тұяғын күйдір­ген шөл­ден, құс қанатын талдыр­ған тау­дан өтеді, көп қиындықпен Мек­кеге жетеді. Меккеге өзге ел­ден келген мұсылмандардың жа­тын үйі болады екен. Үйсіз, күйсіз бо­сып жүрген тек қана қазақтар мен қырғыздар. Кейде арабтар­дың үйін уақытша жалдап тұра­ды, кейде көше бойына қонып қа­лады, көргендері азап пен мазақ.

Осыны байқаған Керей Аң­дамас мырза Көшербайұлы бір тайлақ пен дөнен шығар жылқы сатып алып сойып, бір үйге қа­зақ қажыларын қонақ етеді.

“Жалғанда қорлық қазақтың жататын үйінің жоқтығы екен. Дүние, малды несіне жинап жүр­міз. Өлсек ертең бәрі қалады. Ретті жерінде кәдеге жаратқан­ға не жетсін. Мұны айтып отыр­ға­ным, осында келген қазақ қа­жы­лары шілдің қиындай пыты­рап, әркімнің үйіне қонып жүр­міз. Бұл – ат арытып, тон тозды­рып келген­де атымызға лайық­сыз іс. Біз­дің соңымыздан талай жұрт қа­жылыққа келер. Олар біз­дің ке­бімізді кимесін. Сондық­тан қа­зақтарға арнап үй салды­райық. Мен осында қалып, іс қы­луға бе­кініп отырмын”, – деген Аңдамас мыр­за­ның сөзіне Құнан­бай, Жан­сары уақ Түйте Нұрекеұлы, аты­ғай Қосшығұл Шопанұлы, он екі ата байұлы­ның жаппас руынан Мінайдар Жарасбайұлы бой көр­сетіп, ма­құл көреді. Дұрыс сөзге бас изей­ді. Басқа қажылар: “Ақ­шамыз сарқылды, елге аман-есен жетсек болды”, – деседі.

“Содан бес қажы Меккенің әкі­міне жолығып, бес үйдің ор­нын, кұрылыс материалдарын сұ­райды. Алғашқы екі үйдің ор­нын жасымыз үлкен деп Құнан­бай мен Түйте иеленеді. Үшінші үйдің орнын қара шаңырақтың иесімін деп Мінайдар иемде­неді. Аңдамас пен Қосшығұлға орын қаланың шетінен тиеді. Құ­ры­лысқа қажетті заттар да осы рет­пен бөлінеді. Үйдің іргетасын салғанда Түйте қажы ауырып, қайтыс болады. Өлер алдында ол кісі бар қаражатын Құнан­байға тастайды. Түйтенің басы­на Аңдамас күмбез соқтырып, “Түйте Нұрекеұлына күмбез соқ­ты­рушы керей Аңдамас” деп жазылған тас қойғызады. Бұ­лар­­дың ішінде қалталысы Аңда­мас­тың өзі екен. Сонымен қа­зақ қа­жыларына арналған бір мәрмәр, үш кірпіштен салынған төрт үй бітеді. Әркім өзі салдыр­ған үйдің маңдайшасына аты-жөндерін жаз­дырады. Мекке­дегі шаруа реттелген соң Аңда­мас жанын­да­ғыларға Мәдине­ден де үй салдырайық деген. Бірақ Құнан­бай, Мінайдар, Қос­шығұлдардың қаржылары азай­ған екен, шама­лары көтер­мей­ді. Сосын Аңда­мас жанындағы 45 нөкерін ертіп барып, Мәдине­ден 75 адам еркін сиятын үй са­тып алып, оның да маңдайша­сына өз атын жазып қалдырыпты”.

Сонда араб шөлінің төсінен қазақтардың қамын жеп үй салғызып жүрген Аңдамас кім? Руы керей, 1824 жылы туған. Қа­зіргі Солтүстік Қазақстан облы­сы, Жамбыл ауданына қарасты Күйгенқыстау деген жерде дү­ниеге келіпті. Мұсылманша хат таныған. Орысша жазып, сөйлей білген. 14 қалада сауда дүкенін ұстаған. Келелі түйесі, 10 мың жылқысы болыпты. Жә­нипа есімді қызын, Тұрмағанбет есімді ұлын қыста медреседе оқытып, жазда қызын тігіншілік, ұлын қол­өнер кәсібіне баулиды.

“Алда-жалда дәулет қайтса, ұлым да, қызым да бейнет көр­мей, өз беттерімен күнелтсін деп қолөнер үйреттім. Құдай осы күн­ді көпсінбесе, онда екеуі де өзде­ріне қызмет еткен адам­дардың қадірін білетін болады”, – деп уәж айтады екен. Елін жарыққа сүйреп, көп жақсылық жасайды, қаріп-қасерге мал бө­ліп береді. 1903 жылы 79 жа­сында қайтыс болады. Бейіті қа­зіргі Солтүстік Қазақстан облы­сы, Тимирязев ау­данындағы Алыпқаш деген көлдің жағасын­да Сарыоба деген жерде көрі­неді.

Сонау ғасырдың өзінде-ақ істің көзін тауып, мол дәулет жи­нап, оны туған халқының игілігі­не жұмсаған Аңдамас қажы Кө­шербайұлының нағыз азамат­тық ісі бүгінгі ұрпақ үлгі алар, қасиет тұтар өнеге емес пе?!

Қарақат ШАЛАБАЕВ,

ардагер ұстаз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp