«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызыл жалында аяушылық жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл облыста 245 өрт оқиғасы тіркеліп, қызыл жалын 17 адамның өмірін қиды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда аз. Былтыр 383 өрт оқиғасы орын алса, салдарынан 19 тұрғын көз жұмған.

Мысалы Жамбыл ауданының орталығы – Пресновка ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Төтенше жағдай жайлы ақпарат сағат 16:57-де түсіп, жедел түрде өртсөндірушілер жіберілді. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірден отты ауыздықтауға кірісті. Қызыл жалын баспананың шатыры мен аулада тұрған “ВАЗ-2107” маркілі көлікті шарпыды. Өрттің аумағы 120 шаршы метрді құрады. Өкінішке қарай, тілсіз жау бір адамның өмірін қиды. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері отты пайдаланған кезде абай болу керек екенін еске салады.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp