«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Нысаналы мектептің мақсаты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орта­лығы” АҚ филиалы Сол­түстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму инс­титутында облыстық әдіс­темелік орталық және облыстың білім бөлімде­рінің әдістемелік кабинет­терінің әдіскерлері үшін бі­ліктілікті арттыру курс­тары өткізілуде.

“Әдістемелік қызметті транс­формациялау” атты курстың маз­мұны алғаш рет іске асырылып жатқан “943 нысаналы мек­теп­” жобасына енген білім ордаларынан педагогикалық ұжымдарын тиімді сүйемелдейтін әдіскер­лер­ді оқытуға бағытталған. Ны­саналы мектептер PISA, ҰБТ, ха­лықаралық зерттеу нәтижелері, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі және басқа да көрсеткіштер бойынша іріктелді.

Курстың бағдарламасы өзекті тақырыптардың кең спектрін қамтиды. Соның ішінде оқу-әдістемелік қызметті бағалау және талд­ау құралдары әдіскерлерге педагогикалық ұжымдар жұмы­сының тиімділігіне объективті баға беруді үйренуге, әртүрлі мә­селелер бойынша педагогтарға кеңес беру дағдыларын игеруге, қазіргі балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге және олармен тиімді қарым-қатынас орнату үшін қажет. Сондай-ақ оқушылардың ата-аналарымен серіктестік құруды үй­ренуге және әдістемелік қызметті дамытудың ұзақ мерзімді жос­парларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл құзыреттер білім беру сапасын арттыруға ықпал ете­ді және әдіскерлерді қазіргі білім беру үдерісінің өзгермелі жағдайларына бейімделу үшін қажетті құралдармен қамтама­сыз етеді.

Бағдарламаның маңызды эле­менттерінің бірі – көшпелі тәжі­ри­белік сабақтар. Осылайша са­бақтардың бірінде әдіскерлер оқу-әдістемелік жұмысты пер­спективалық жоспарлау мә­се­лелерін талқылап, педагогтар­ға арналған ұсыныстарды әзір­леді.

Курстарды аяқтағаннан кейін әдіскерлер өздерінің кәсіби мін­деттерін тиімдірек орындауға мүм­кіндік беретін жаңа білім мен дағдыларға ие болады. Бұл өз кезегінде Солтүстік Қазақстан об­лысының мектептеріндегі білім сапасына оң әсерін тигізеді. Аталған курсты білікті профес­сорлық-оқытушылық құрам жүр­гізді.

Осылайша бұл курстар білім беру үдерісіне өзгерістерді тиімді енгізуге ықпал етеді, нәтижесінде өңірдегі білім беру сапасын едәуір арттыруға тиіс.

Әсел ЖАҚСЫЛЫҚОВА,

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp