«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Достықтың белгісі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл ауданындағы И.Шухов мемориалдық мұражайдағы 3867 жәдігердің ішінен ерекше көзге түсетіні – “С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов И.Шуховтың үйінде” картинасы. Онда суретші Анатолий Бургаев үш қаламгердің әңгімелесіп отырған мамыражай сәтін бейнелеген.

Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, солтүстікқазақстандық қылқалам шебері 3 жыл салған туындыны 2013 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрі мұражайға сыйға тартқан.

Үш қаламгер бала күндерінен бір-бірін жақсы білген. Ажырамас дос болған. Бұл жайында Иван Шуховтың туындыларында да айтылады.

– Иван Шухов өзінің “Преснов хикаялары” деген кітабында Ғабит Мүсірепов және Сәбит Мұқановпен қалай танысқаны жайлы баяндаған. Бала күнінде жазушы әкесімен бірге көрші ауылдарға барады. Сол кезде өзінің болашақ достарын кездестіреді. Көп ойланбай замандастарының қатарына қосылады. Біраз уақыттан соң балалардың арасында келіспеушілік туындап, төбелесіп қалады. Міне, жазушылардың достығы осылай басталады, – дейді музейдің экскурсия жүргізушісі Елена Колесникова.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp