“Сауатты жарнама – тіл абыройы” республикалық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқаудың басты мақсаты – елімізде тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының шеңберінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қажеттілікті арттыру және тіл мәдениетін жетілдіру.
“Сауатты жарнама – тіл абыройы” атты республикалық байқауына қатысушылардан жалпы 11 өтінім түсті. Соның 9-ы іріктеліп алынды. Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынға “Архстрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі лайық болса, екінші орынды “Маркет-Радио” жарнама агенттігі иеленді, ал үшінші орынды “Калейдоскоп” дизайн студиясы алды.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.